• Басты
  • Қазақстанда корейлік дәстүрлі өнер көрмесі ашылды
24 Қыркүйек, 2019 17:12

Қазақстанда корейлік дәстүрлі өнер көрмесі ашылды

Ұлттық академиялық кітапханада ашылған Наджон Чильги көрмесі Кореяның ұлттық інжу-маржан лак-бояуларынан жасалған бұйымдарының көркемдігін көрсетеді. АҚШ және Жапония сияқты елдерде өнер туындылары қойылған кореялық қолөнерші Наджон Чилги, Баэ Кванның жұмыстары көрсетіледі, деп хабарлады  Strategy2050.kz.
Қазақстанда корейлік дәстүрлі өнер көрмесі ашылды | Strategy2050.kz
«Қазақстан мәдениетті дамыту саласын «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы арқылы іске асырып жатыр.Корея Республикасының мәдени мұрасын насихаттайтын бүгінгі көрме екі ел арасындағы мәдени алмасу тәжірибесіне елеулі үлес қосатынына сенемін. Наджон Чильги табиғи ағаштан жасалады және Көрме арқылы корей мәдениетімен жақынырақ танысып, Қазақстан мен Корея арасындағы достықты әрі қарай нығайтасыз деген үміттемін», - Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігінің консулы Хам Манчун.

 конс.jpg

Көрмеде жұмыстары таныстырылған қолөнерші Баэ Кван арнайы Кореядан Қазақстанға ат басын тіреген.

 «Ұлттық мәдени құндылық - ата-бабадан қалған құны жетпес мұра. Бұл тек мәдениетаралық қарым-қатынас орнатып қана қоймай, өз ұлтыңның ерекшелігін көрсетуге үлкен мүмкіндік береді. Мен дүниеге келген соң Ең алдымен осы көрмемді Қазақстанда ұйымдастыруға мүмкіндік берген Корей мәдени орталығы мен лак-бояуларынан жасалған бұйымдарының өнеріне етене жақын болдым. Өз әкемнің шәкірті ретінде бұл өнерді бойымда дамытып, туындыларымды жасай бастадым», - деді Баэ Кван.

Сондай-ақ, қолөнерші бұл қасиет еңбек арқылы кезеңдеп қалыптасқанын айтты.

онер.jpg

«Соның нәтижесінде мен осындай көрмені ашуыма мүмкіндік алдым.Осылайша, мен әлем бойынша музейлерді аралап, еліме келіп, өз жұмыстарымда оны әрлеп, дүниеге әкелдім. Өкінішке қарай, өзімнің барлық жұмысымды жеткізе алмадым. Алайда, халықтың жылы ықыласына ие болам деген үміттемін», - деді ол.

Өз кезегінде Корей мәдени орталығының директоры Ли Херан көрменің ашылуына орай өзінің ықыласын құттықтау кітапшасында білдірген.

сурет.jpg

   «Биыл Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестіктің орнағанына 10 жыл толуына орай Нұр-Сұлтанда Корея Наджон Чильги дәстүрлі бұйымдарының көрмесін ұйымдастырып отырғанымызға қуаныштымын. Наджон Чильги - күнделікті тұрмысқа қажетті жиһаздарды ұзақ уақыт бойы седет пен жылтыр сырдан әрлеп жасайтын дәстүрлі корей өнері. Ағаш, седет және түрлі-түстің үйлесімі жасаған заттың сәнін келтіреді... Бүгінгі көрмеге 40 экспонат қойылып отыр. Олар арқылы өткен мен бүгіннің үйлесімін, көркем құндылығын көре аласыздар», - деп таныстырды Корей мәдени орталығының директоры Ли Херан.

  Ал, Ұлттық академиялық кітапхана директоры Үмітхан Мұңалбаева көрмелердің кітапханада ұзақ уақыт бойы өтуі сирек кездесетін дүние.

глав.jpg

 «Бұл көрме келіп көрушілердің қызығушылығын арттырады деп ойлаймын. Қазақстан мен Кореяның мәдениеті мен өнерінде ұқсастықтар бар. Бұл көрменің өтуі корейлік мәдениетті тереңінен танып-білуге зор мүмкіндік береді деп ойлаймын», - деді Ү.Мұңалбаева.

та5ы.jpg

Айта кетейік, көрмеге 40 экспонат қойылған.Көрмеге 24 қыркүйек пен 24 қазан аралығында ашық болады. Наджон Чилги – корейлердің інжу-маржаны мен лакпен безендірілген сәндеудің дәстүрлі өнері. Наджон Чилгидің техникалық әдісі бұйымның беитіне ақ қабықтан жасалған інжу тақталарын төсеп, оны лакпен қаптауды қамтиды.

   Аягөз Құрмаш

Фото: Гүлжан Раманқұлова 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды