• Басты
  • Қазақстанда күніне 365 мың маска шығарылады - Е.Тоғжанов
20 Наурыз, 2020 11:23

Қазақстанда күніне 365 мың маска шығарылады - Е.Тоғжанов

Қазақстанда күніне 365 мың маска шығарылады, алдағы уақытта оны 1 млн-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов баспасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz  тілшісі.

Қазақстанда күніне 365 мың маска шығарылады - Е.Тоғжанов
"Маска шығару мәселесі де ұкіметтің қатаң бақылауында. Бүгінгі күні елімізде күніне 365 мың маска шығарылып отыр. Алдағы уақытта маска санын күніне 1 млн данаға дейін шығаруды міндет етіп қойдық. Оны орындаймыз", - деді Ералы Тоғжанов.

Сонымен қатар Премьер-Министрдің орынбасары үкімет тарапынан халыққа қажетті азық-түлікпен және халыққа қажетті тауарлармен қамтамасыз ету жолдары толығымен қарастырылғанын айта келіп, бағаны көтергендер тиісті шара қолданылатын атап өтті.

"Қажетті тауардардың бағасын көтеру фактілері кездескен жағдайда қатаң түрде заңды шаралар қолданылатын болады. Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында салықтардың бірқатар түрлеріне жеңілдіктер қарастырылған. Шағын және орта бизнестің жекелеген санаттары үшін, оның ішінде сауда ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, көрмелер, жеке мүлік төленетін салықтарды және салықтар бойынша қарыздарын төлеуді тоқтату. Жалпы тәртіпте жұмыс істейтін 72 мың кәсіпкерді жылдың аяғына дейін 10 пайыздық жеке табыс салығынан босату", - деді Ералы Тоғжанов.

Оның сөзінше, бұл қаржы жағдайы нашарлаған бизнес өкілдерін қолдау үшін жасалып жатқан шаралар. 

Сондай-ақ ол үкіметтің қазіргі бар жұмыс орындарын сақтауға тырысып, тағы да қсымша мыңдаған жұмыс орнын ашуды жоспарлағанын жеткізді.

"Елбасының халыққа арнаған үндеуіне сәйкес үкімет қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтауға ерекше назар аударатын болады. Қазіргі таңда бүгінгі жқмыс орындарын сақтаумен қатар 431 мың жаңа жұмыс орнын ашу міндеті алдымызда тұр. Осыған орай, үкімет тарапынан 300 млрд теңге қарастырылып, жұмыспен қамту жол картасы әзірленді", - деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Сол себепті ол жеке мекеме басшыларын, бизнес қоғамдастарын жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз етіп, қысқартуға жол бермеу арқылы әлеуметтік келеңсіздіктердің алдын алуға шақырды. 

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды