- Басты
- Жаңалықтар
- Елімізде инкубациялық жұмыртқа өндірісі бойынша ТМД-дағы ең үлкен жоба іске қосылады
Елімізде инкубациялық жұмыртқа өндірісі бойынша ТМД-дағы ең үлкен жоба іске қосылады
Қазақстанда инкубациялық жұмыртқа өндірісі бойынша ТМД-дағы ең үлкен жоба іске қосылады, деп хабарлады "Aitas KZ" АҚ баспасөз қызметі.

Жылына қуаттылығы 240 миллион инкубациялық жұмыртқа шығаратын «Aitas KZ» АҚ Асыл тұқымды құс шаруашылығы Репродукторы инкубациялық жұмыртқа өндірісі бойынша ТМД-дағы ең үлкен жоба болмақ.
Құс етіне сұраныс жылдан жылға артып келеді. Мәселен, 2019 жылы Қазақстанда құс етін тұтыну деңгейі – 373 000 тонна болған. 2020 жылы бұл көрсеткіштің 395 000 тоннаға жететіні болжанып отыр.
Атап өтерлігі, бройлер балапандардың болашақ буынының балапандары құс фабрикасындағы инкубациялық жұмыртқалардан шығады. Түсіндіре кетер болсақ, инкубациялық жұмыртқа – құстың өміршең тұқымын алу мақсатында шығарылатын тауықтың жұмыртқасы.
Сонымен бірге балапандардың тәуліктік тұқымын өсіру үшін Қазақстандағы салалық кейбір құс фабрикалары инкубациялық жұмыртқаны шетелден әкеледі.
2020 жылдың маусым айында «Aitas KZ» АҚ-ның Алматы облысындағы құс фабрикасын иемденуіне қатысты «Nauryz Agro» ЖШС-мен келісімі аяқталды.
Алматы облысындағы құс фабрикасын алу – «Aitas KZ» АҚ-ның құс фабрикалары үшін инкубациялық жұмыртқаны өндіру бойынша Асыл тұқымды құс шаруашылығы Репродукторы жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
«Aitas KZ» АҚ Асыл тұқымды құс шаруашылығы репродукторы ТМД-дағы қуаттылығы жылына 240 миллион инкубациялық жұмыртқа өндіретін ең үлкен жоба болады. Әрі даму стратегиясын есепке ала отырып, құс шаруашылығы бағытындағы Топтың қажеттігін жабуға жол ашады.
«Aitas KZ» АҚ холдингінің құрамында «Кус&Вкус» брендімен өнім шығаратын Өскемен (ӨҚФ) және Макинсктегі Құс фабрикалары (МҚФ) жұмыс істеп тұр. Сонымен бірге МҚФ-ның инкубациялық жұмыртқаға қажеттігі алыс шетелдегі елдерден келетін импорт арқылы қамтамасыз етіледі. Ал ӨҚФ-тағы инкубациялық жұмыртқалар көлемі екі фабриканы қамтуға жетпейді.
«Біз қоршаған ортаны жақсы жаққа өзгерту үшін бизнесті өркендете жұмыс жүргіземіз. Біздің тұтынушылардың, қызметкерлердің, серіктестердің мүддесі – міне, біздің күнделікті жұмысымыздың бағыт-бағдары осы. Күн сайын жүз мыңдаған адамның өмірін қалай жақсартамыз деген ойда жүреміз. Бұл келісімнің сәтті жасалғанына өте қуаныштымыз. Осының нәтижесінде қысқа мерзімнің ішінде құс шаруашылығы бағытын өзіндік жеке өндірісіміздегі инкубациялық жұмыртқамен қамтамасыз ете аламыз», - деп атап өтті өз сөзінде «Aitas KZ» АҚ бас директоры Серік Толықпаев.
Жеке инкубациялық жұмыртқа өзіндік құнды төмендетіп, өндірістің тиімділігін арттырады. Одан бөлек жеке өндіріс валюталық тәуекелдерді, тасымалдың тоқтап қалуын айналып өтіп, биоқауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
«Aitas KZ» АҚ-ның инкубациялық жұмыртқа өндірісі бойынша Алматы құс фабрикасы жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындарын құрып, аймақтағы ауыл шаруашылығын дамытуға серпін береді.
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар
-
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда
-
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді
-
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр
-
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді
-
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр
-
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді

