• Басты
  • Қазақстанда Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесі өтеді
24 Қыркүйек, 2019 08:37

Қазақстанда Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесі өтеді


Бүгін Нұр-Сұлтанда  «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесі өтеді,деп хабарлайды Strategy2050.kz.
Қазақстанда Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесі өтеді | Strategy2050.kz


«Еуразиялық экономикалық одақты, Жібек жолының Экономикалық белдеуін және Еуропалық одақты XXI ғасырдың бірыңғай интеграциялық жобасына біріктіретін Үлкен Еуразия идеясының айналасына шоғырланатын уақыт жетті», - деп атап өтті Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында.

IV Кеңеске қатысушыларға Еуразиялық кеңістікті тұрақты дамытуды қамтамасыз етудің ортақ көзқарастары мен жолдарын талқылау және пысықтау ұсынылады.

Форумның миссиясы - Еуропа және Азия мемлекеттерінің парламентарийлері арасында тікелей көпжақты өзара іс-қимыл жасауды жолға қою.

Сондай-ақ, Еуразиялық кеңістік елдерінің парламентаралық диалогын және жемісті ынтымақтастығын кеңейту.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі, Ресей Федерациясы Федеральдық Жиналысының Мемлекеттік Думасы және Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясы парламентаралық форумды бірлесіп ұйымдастырушылар ретінде шықты.

 Осы кеңесте Еуропа мен Азия парламентшілері еуразиялық кеңістіктің қауіпсіз және тұрақты дамуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ, XXI ғасырдың  ірі интеграциялық экономикалық жобаларын жүзеге асырудың жолдарын талқылайды.

Панельдік сессиялар, форум барысында жоспарланған бірқатар екіжақты кездесулер Еуразия кеңістігіндегі  парламент өкілдерінің заңнамалық тәжірибелер алмасуына, ел халықтарының әл-ауқатын жақсарту жолында ортақ мақсаттарды үйлестіруге үлес қосуға мүмкіндік береді.

Парламенттік форумның тең ұйымдастырушылары: ҚР Парламент Мәжілісі, РФ Федералды  Жиналысы Мемлекеттік Думасы және Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясы.

Айта кетейік, «21 ғасырдағы Еуразия аймағы елдерінің бірлескен игілігі үшін парламентаралық ынтымақтастық» тақырыбындағы Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің  1-кеңесі 2016 жылы Мәскеуде, ал «Еуразия кеңістігіндегі ортақ өркендеу  үшін парламентаралық ынтымақтастық ілгерілету» атты  2-кеңесі  2017 жылы Сеулде,  «Еуразиядағы экономикалық ынтымақтастық, қоршаған орта және тұрақты даму» тақырыбындағы 3-кеңес 2018 жылы Анталияда өткен болатын.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды