• Басты
  • Қазақстанда энергия үнемдеу қалай жүзеге асырылады
29 Қараша, 2019 14:31

Қазақстанда энергия үнемдеу қалай жүзеге асырылады


Елордада II Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтті. Шара еліміздің энергия үнемдеу саласындағы барлық жетістіктері туралы халықты хабардар ету және халықаралық деңгейдегі салалық сарапшылармен энергиялық тиімділікті арттыру жөніндегі өзекті мәселелерді талқылау мақсатында халықаралық энергия үнемдеуге орайластырылған басты қорытынды алаң болып отыр, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Қазақстанда энергия үнемдеу қалай жүзеге асырылады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов айтқандай,соңғы 10 жылдықта әлемдегі жиырмадан астам мемлекетте 11 қарашада энергия үнемдеу күні атап өтілетінін айтты.

«Біздің ел биыл наурызда тиісті қаулымен энергия үнемдеу күнін бекітіп осы бастаманы қолдады. Соңғы ширек ғасырда энергияны әлемдік пайдалану деңгейі 56 пайызға артты. Қазақстан экономикасының дамуымен қоса, энергия ресурстарына деген қажеттілік артып жатыр. Елдегі энергия ресурстарының басым бөлігі өнеркәсіп саласына келеді. Энергияның 67 пайызы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың тұтынуына келеді. Қазіргі таңда энергиятиімділік экономиканың басты тренді. Ол технологиялық дамудың барлық тетіктері мен экономиканың әртараптандырылуын, жаңғыртылуын қамтиды. Ең бастысы – бәсекеге қабілеттіліктің артуы мен экономиканың тиімділігі», - деді А.Ержанов.

Сонымен қатар, вице-министрдің айтуынша, 2025 жылға дейін даму стратегиясы Қазақстанның ЖІӨ-дегі энергия сыймдылығын төмендету міндеті қойылған.

«Тәуелсіздік жылдары ЖІӨ-дегі энергия сыйымдылығы 52 пайызға төмендеді. Ал, әлемдік экономиканың энергия сыйымдылығы 21 пайызға төмендеді. Әлемдік энергия үнемдеу үрдісіне Қытай әсер етті. 2018 жылы Қытай энергия үнемдеу саласына 60 млрд доллар инвестиция құйды. Нәтижесінде соңғы 5 жылда   ЖІӨ қолдануда энергия тұтыну 15 пайызға төмендеді», - деді ол.

Өз кезегінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев энергия үнемдеу мәселесі Қазақстан үшін басымдық берілген бағыттардың бірі екенін атап өтті.

«Дәстүрлі алаңға айналған бұл шара маңызды мәселелерді көтеріп жатыр. Қазіргі кезде басқа экономикалық технологиялық әлемдік тәртіп қалыптасып жатыр. Жасанды интеллект пен басқа бағыттар айналамызды өзгертіп жатыр. Сондықтан да, әлемдік басымдықтың бір бөлігі – жасыл экономика болып табылады. Жасыл экономика жаңартылатын энергия көздері ғана емес, спорттық тілмен айтқанда «басқа лига» деп айтуға болады. Жасыл ауыл шаруашылығы, жасыл көлік, қоқысты кәдеге жаратуға байланысты іс-шаралар, жасыл құрылыс,сондықтан да, энергия үнемдеу барлық бағыттарға қарамастан жасыл экономика жолы- шынайы прагматикалық жол деп айтуға болады», - деді Ә.Исекешев.

Сонымен қатар, ол жасыл экономиканы ілгерілетудің басты жолы энергияны тиімді пайдалану болып отыр.

«Осы орайда министрліктердің қанша еңбек еткенін көріп отырмыз. Жұмыс көлемі өте ауқымды,барша жобалар жүзеге асырылды. Қазір өте күрделі кезең, яғни екінші кезеңге өту болып табылады. Заңнама бар, жобалар бар, не істеу керек екендігі түсінікті. Оның барлығы «энергия үнемдеуді барлық салада қалай дамытуға болады?» деген сұраққа алып келеді. Себебі, барлық отбасылар қалай энергияны тиімді қолдануы тиіс деген сауал туындамады. Осы екі мәселені біз қарастыруымыз керек. Жаңа бастамалар әркез сынғңа ұшырап жатады. Оны жүзеге ассыру қиын, танымал емес,жаңа жобаға деген көзқарастар әрұилы болады. Мемлекеттік сектор ішінде осы тақырыппен бір министрлік қана емес, өзге де министрліктер мен әкімдіктер, ұлттық компаниялар да осы тақырыпқа байланысты жұмыстарды қолға алмаса, оны ілгерілету күрделі болып отыр», - деді ол.

Сонымен қатар, ол бұл бағытты ілгерілету үшін күрделі шешімдер қабылдау қажеттігін айтты.

«Барлық адамдарды сендіре білу, одан сескенбеу өте маңызды. Мен әкім болған кезде Сингапур мен Ұлыбритания үлгілерін қарастырдық. Жаңа технологияларды құрылыста пайдалану, энергия үнемдеуді 25 пайызға қысқартқан болатын. Құрылысты жүзеге асыру барысында осы тетіктерді қарастырдық. Ол жұмыс орташа деңгейде қалды.Себебі, өте күрделі үрдіс. Сәулет институттарында мамандар дайындау керек, жаңа стандарттар енгізу керек. Оның барлығына қаржы бөлу қажет. Белгілі бір шешімдерді қабылдауға тура келеді. Сондықтан да, осындай жаңа бастамаларды кіріктіру батылдықты, табандылықты қажет етеді», - деді ол.

Ал Дүниежүзілік банктің ҚР-дағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто энергия тиімділігі бойынша Орталық Азияда жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

«Бірнеше елдерде жақсы нәтижелерге жеттік. Басқа да бастамалар бойынша біз өңірлерде жұмыс жасап жатырмыз. Еуропа мен Орталық Азияда жыл бойына жалпылау бағаладық. Қазақстан әлем бойынша энергия сыйымдылық әлемге жатады. Сонымен қатар, Орталық Азия бойынша энергия сыйымдылығы бойынша 90 пайызды құрап отыр. Өндірістік шығарылымдар 50 пайызға тең. Экономикалық шығындар да өте үлкен. Осының барлығын түсінуіміз қажет. Энергия тиімділікті арттыра отырып, біз экономикалық тиімділікті арттыра аламыз. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында жұмыс істедік. Қандай инвестициялық жобалар қажет екенін анықтадық. ТМД елдерімен салыстыратын болсақ, осы қалаларда энергия тұтыну бойынша жоғарыда тұрмыз. Бұл орайда жылыту, энергиямен қамтамасыз ету талап етіліп отыр. Нұр-Сұлтанда бұл 10 пайызды құрап отыр. Жаңа Зеландияның тұтынуымен пара-пар келіп отыр. Алматыда бұл көрсеткіш екі есеге көп болып отыр. Оны төмендету үшін көптеген инвестиция жасау керек. Алматыға 4 млрд инвестиция құю қажет», - деді ол.

Сонымен қатар, ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов 8-9 жыл бұрын Мемлекет басшысы энергия сыйымдылығын 25 пайызға төмендету туралы тапсырма берген еді.

«Бүгінде аталған салада бірқатар жетістіктерге жеттік. Үлестік шығындарды қысқарту бойынша нормативтік іс-шараларды бекіту қажет. Біздің Атыраулық желі компаниясы 9 іс-шара өткізген болатын. Бұл электр станцияларындағы трансформацияларды жаңғырту болып табылатын. 2,5 кв/сағ үнемдеу бойынша жедел іс-шаралар атқарды. Егер де, осындай шараларды барлық кәсіпорындар жүзеге асырса, өте тиімді болар еді», - деді ол.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды