Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті

12 Қазан, 2021 15:54

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов дизель отыны нарығындағы ағымдағы жағдайы туралы баян етті. Елдегі дизель отынының төмен бағасы 2021 жылдың тамызынан бастап дизель отыны қорының күрт төмендеуіне әкелді. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Дизель отыны мәселелері

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов дизель отыны бойынша мәселелерге тоқталып өтті. Оның мәлімдеуінше, 2021 жылы дизель отынының күтілетін өндірісі 2015 жылдан бастап 4,9 млн.тоннаны құраған. Сондай-ақ, биыл өндіріске Атырау мұнай өңдеу зауытының жыл басындағы жоспардан тыс тоқтауы әсер еткен.

«Атырау мұнай өңдеу зауыты ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша бекітілген жоспардан 239 мың тоннаға аз өндірді. Ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында дизель отынын өте көп тұтыну шамамен 520 мың тонна тіркелді. Бұған Қазақстанның ішкі нарығындағы төмен бағалар ықпал етті», - деді Энергетика вице-министрі.

Сондай-ақ, ол дизель отынына төмен бағалар ағымдағы жылдың тамыз айының басынан бастап ЖЖМ-ның осы түрінің қоры күрт төмендей бастағанын атап өтті. Мәселен, егер тамыз айының басында бізде дизель отынының шамамен 250 мың тонна қоры болса, қыркүйек айының соңына қарай дизель отынының қоры 200 мың тонна деңгейінде болды.

Бағаның өсуі байқалуда

«Импорт жазда 26 мың тоннаны құрады. Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша дизель отынының орташа бағасы литріне 188 теңгені құрады. Айта кету керек, ұқсас баға 2020 жылы да болған, 2019 жылы орташа баға жоғары, яғни литріне 193 теңгеге тең болған», - деді ол.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта дизель отынына бағаның өсуі байқалуда. Оның дерегінше, маусымаралық дизель отыны бағасының ағымдағы диапазоны литріне 214-330 теңгені құрайды.

Ішкі нарықты дизель отынымен қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралар:

- автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салынды;

- сәуір айынан бастап дизель отынының экспорты тоқтатылды;

- «АМӨЗ» ЖШС-ын жоспарлы жөндеу 2022 жылға ауыстырылды;

- «АМӨЗ» ЖШС мен «ПҚОП» ЖШС-ы 100 мың тонна қосымша мұнай көлемімен жүктелді - қосымша 29 мың тонна дизель отыны;

- «ПМХЗ» ЖШС-ның мұнайды бастапқы өңдеу кешенін жөндеу мерзімі ауыстырылды – қазанның бірінші онкүндігінде қосымша 30 мың тонна дизель отыны;

- РФ МӨЗ-нен дизель отынын тиеп-жөнелтуді жандандыру:

* 01-20 қыркүйек аралығында - 5,3 мың тонна;

* 21-30 қыркүйек аралығында - 38,2 мың тонна;

* 01-10 қазан аралығында - 22,2 мың тонна.

«11 қазандағы жағдай бойынша дизель отынының жалпы қалдығы 214,9 мың тоннаны құрайды, оның ішінде ҚР МӨЗ-де 38,7 мың тонна, мұнай базаларында 123,4 мың тонна», - деді Әсет Мағауов.

Оның сөзінше, қабылданған шараларды ескере отырып, сондай-ақ ағымдағы жылдың қазан айында 330 мың тонна көлемінде дизель отынын өндіруді) және 80-100 мың тонна көлемінде импорттық жеткізілімдерді ескере отырып, ішкі нарықты тұрақтандыру күтілуде. Осы орайда, ол бір ай бұрын 2021 жылғы 10 қыркүйектегі жағдай бойынша мұнай базаларындағы қалдық 128,3 мың тоннаны құраған. Осыған байланысты, дизель отынының қолда бар қорларын жедел мониторингілеу үшін министрлік еліміздің барлық мұнай базаларын автоматты деңгей өлшеуіштермен жабдықтау қажеттілігі мәселесін көтергенін атап өтті.

Барлық жаңалықтар