• Басты
  • Қазақстанда бюджет қайта қаралуы мүмкін
18 Маусым, 2020 18:12

Қазақстанда бюджет қайта қаралуы мүмкін

Пандемия кезіндегі цифрландыру жұмыстары арқасында бюджет қайта қаралуы мүмкін. Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев коронавирус жағдайында мемлекеттік шығындардың қайта қаралуы керектігін айтты, деп хабарлайды “Strategy2050” АА тілшісі.


Қазақстанда бюджет қайта қаралуы мүмкін

«Коронавирус пандемиясы кезінде цифрландыру арқылы қашықтан жұмыс жүргізгенде ақшаның біршама бөлігін үнемдеуге болатыны белгілі болды. Мысалы, қазірдің өзінде мемлекеттік аппараттың жартысы қашықтан жұмыс істесе де өнімділік төмендемеді. Президент 2024 жылға дейін мемлекеттік қызметкерлер, ұлттық компаниялар қызметкерлерінің төрттен бірін қысқарту туралы пәрмен берген болатын. Қызметкерлер штатын механикалық тұрғыда қысарту кезінде мобильді әрі тиімділігі жоғары мемлекеттік аппаратты қалыптастыруды көздейтін боламыз. Осы ретте үнемделген қаржы басқа салаға пайдалану мүмкіндігі туады», - деді Мәулен Әшімбаев.

Қазір онлайн конференция, форумдар мен түрлі шаралар өткізілуде. Сол арқылы іссапар мен көліктік шығындар қысқарды. Сондықтан мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардағы қызметкерлердің бір бөлігін онлайн жұмыс істету арқылы шығындарды қысқарту мүмкіндіктері зерделенуі тиіс. Бұл туралы сенат төрағасы нақтылап, ғимаратты ұстап тұру үшін кететін шыңындардың да қарастырылуы тиістігін алға тартты.

Өткен жылы елден тыс іссапарлар мен қызметтік сапарларға шығатын шығын 17,5 пайызға өссе, ел арасындағы шығын 8,8 пайызға артқан еді. Сондай-ақ, көліктік қызмет төлемі 21 пайызға қымбаттады. Қысқартуға мемлекеттің стратегиялық маңызы жоқ шығындарын да жатады, қазіргі таңда бұл өзекті. Оларға, ең алдымен консалтингті және зерттеу қызметтеріне шығатын шығындарын да жатады», - сенат төрағасы.

М.Әшімбаев былтырғы бюджетте консалтингті және зерттеу қызметтеріне 43 млрд теңге жұмсалғанын еске алды.

Парламент Сенатында республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова елімізде 52 млрд теңгенің 43 жобасы аяқталмай қалғанын айтты.

«Мемлекеттік инвестициялардың экономикалық тиімділігіне талдау жүргізіп, экономиканың дамуына әсер ететін шығындар сараланды. Капиталдық шығындар мен субсидиялаулар, несиелеу шығындарының мөлшері республикалық бюджеттің жалпы 14 пайызын құрады. Шығын көлемнің 14 пайызының ішінде құрылыс саласына, мақсатты трансфертке ресурстың 40 пайызы кіреді. Аяқсыз қалған әртүрлі жобалар қордаланып қалған екен. Әкімдіктермен бірлесе отырып 52 млрд теңгелік дәл осындай 43 жобаны санап шықтық. Жобалардың кейбірі аяқталмайды да. Алды 5 жылға дейін созылып, ол жобаларды аяқтауға қосымша қаражат керек-ақ. өңірлерде ол сома жоқ. Осы жағдай президенттің әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне ие жобаларды қаржыландыру туралы тапсырмасына қайшы», - деді Годунова.

Сенатта шағын және орта бизнесті пандемия кезінде дамытуда мәселелер барын, шағын және орта бизнеске қолжетімді қаражат бөлу, қаржылдандыру болмаса – бизнес те дамымайтыны, сол себепті кәсіпкерлер қолжетімді несиелік ресурстарға қатысты әлі де шағым айтып келетіні айтылды.

«Экономиканы несиелеуде тенденция баяу. Осы жағдайда ШОБ секторын қаржыландыру бастамасын қолдаймыз. Мәселені ашық айтпасақ, осы кезеңнен кейін микрокәсіпорындардың жағдайы ушығып кетуі ықтимал. Сондықтан ұлттық экономика министрлігінің ұсыныстарын тыңдауға дайынбыз», - деді сенат төрағасы.

Барлық жаңалықтар