• Басты
  • Қазақстанда бір күнде дәрілерді заңсыз сатқан 76 адам ұсталды
7 Шілде, 2020 12:38

Қазақстанда бір күнде дәрілерді заңсыз сатқан 76 адам ұсталды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 6 шілдеде Қазақстанда дәрі-дәрмектерді алып-сатумен айналысқан 46 адамның ұсталғанын айтты, - деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.
Қазақстанда бір күнде дәрілерді заңсыз сатқан 76 адам ұсталды

Министрдің айтуынша, дәрілерді заңсыз сату фактілері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында анықталған.

Іс-шаралар жалғасып жатыр. 6 шілдеде полицияға 76 адам жеткізілді, олардан 20864 дәрілік зат, оның ішінде глюкоза мен ферсинол тәркіленді. 2600-ден аса ацетилосалицилол қышқылы, оның 654 орам парацетамол және тағы басқа дәрілер алынды",-деді А.Цой.

Денсаулық сақтау министрлігінде онлайн-шолудың жаңа форматы енгізілді. Бас дәрігердің айтуы бойынша, еліміздің медициналық мекемесіне видео қоңырау шалынады. Аудиторлардың өтініші бойынша ол дәліздер, палаталар, қоймалар бойынша жүреді. Жақында бұл әдісті Атыраудағы үш ауруханадан сынап көрді. Елордалық мамандар палаталарды көріп, пациенттермен және қызметкерлермен әңгімелесті. Олар қалай емдейтін және қандай мәселелер бар екенін білді.

«Видео қоңыраулар уақыт пен ресурстарды үнемдейді, бірақ біз жергілікті жерлердегі нақты жағдайды, проблемалық мәселелерді көріп отырмыз. Бейнені жақсы жарықта көрсетуге тырысатын әріптестер болады, бірақ фактілерді салыстыра отырып, нақты сұрақтар қойып, реанимацияда бейне шолу жасай отырып, не дәрі-дәрмек қоймаларына түскен кезде бірден объективті көрініс көрінеді. Бұл тәсілді біз үнемі жасаймыз»,- деп сендірді А.Цой.

Барлық жаңалықтар