- Басты
- Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалды
Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанда 2030 жылға дейін балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын ұсынды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, республиканың су айдындарында жылына алты жүз мың тоннаға дейін балық өсіруге болады.
«Бұны біз кезең-кезеңмен іске асыруды жоспарлап отырмыз. Болжам бойынша әлеуеттің 45%-на 2030 жылы, ал қалған 55%-на 2040 жылға дейін қол жеткізілетін болады», - деді ол Мағзұм Мырзағалиев.
Экология министрі балық шаруашылығын табысты дамытуға септігін тигізетін 4 негізгі факторды анықтады. Олар:
- Заңнаманы жетілдіру.
- Сапалы балық шабақтарымен қамтамасыз ету.
- Балық жемінің өндірісін жолға қою.
- Кадрлық қамтамасыз ету.
Оның мәлімдеуінше, қазіргі таңда Қазақстанда он бес балық питомнигі бар. Олар карпі тұқымдас балық түрлерінің шабақтарын 12%-ға және бекіре тұқымдас балықтардың шабақтарын 66%-ға қамтамасыз етеді. Форель, сиг және басқа да құнды балық түрлерінің шабақтары импортталады.
Мырзағалиев балық өсіру үшін оларды жеммен қамтамасыз ету қажеттілігіне тоқталды.
«Балықтың өзіндік құнының құрылымында жемге жұмсалатын шығындар жалпы шығыстардың 70%-ын құрайды. Сондықтан құрама жемнің сапасы мен тиімділігі балықты өндірістік өсіру рентабельділігінің шешуші факторлары болып табылады.Мәселен, 2019 жылы 7000 тонна балық өсіру үшін 12,5 мың тонна жем қажет болды. Бүгінгі таңда Қазақстанда балық жемін өндірумен жалпы қуаты жылына 136 мың тонна болатын 14 отандық кәсіпорын айналысады. Алайда ондағы жемдер карпі балық түрлеріне ғана жарамды», - деді министр.
Балық шаруашылығын дамыту үшін кадрлар да қажет.
«Қазақстанда балық өсіру өзінің бастапқы даму кезеңінде, сондықтан оны жүргізу мақсатында 10 жыл ішінде 4 мың адам тиісті білім алатын болады. Оларды Қазақстанның жұмыс істеп тұрған жоғары оқу орындарында, сондай-ақ арнайы білім беру мекемелерінде оқыту жоспарлануда.Ол үшін білім беру гранттарын жылына 40-тан 400-ге дейін ұлғайта отырып, оқу бағдарламаларын балық өсіруге қайта бағдарлау қажет. Бұл жұмысты Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп жүргізетін боламыз», - деді Мырзағалиев.
Мемлекеттік қолдаудың келесі блогы – балықты қайта өңдеу кешендерін құруға және кеңейтуге жұмсалатын шығындарға арналған инвестициялық субсидиялар. Министр бұған 36,8 млрд. теңге қажет екенін айтты.
Премьер-министр ішкі нарықты отандық азық-түлікпен толықтырудың маңыздылығы мен Үкіметтің басты міндеттерінің бірі екенін айта отырып, Мырзағалиев оқыған бағдарламаны 2030 жылға дейін жүзеге асыруды тапсырды.
Мамандардың пікірінше, Қазақстан балық саласын дамыту бойынша елеулі әлеуетке ие Сондықтан балық шаруашылығы саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасының іс-шараларын уақытылы жүзеге асыруды тапсырамын», — деді А. Мамин.
-
ҚР 2021-2025 жылдарға арналған сауданы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асады
-
Қазақстандағы эпидахуал: ауру жұқтырғандар көрсеткіші, вакцинациялау науқаны, бизнеске арналған мобильді қосымша
-
Қазақстандағы адам саудасы: үш жылда 1100 қылмыс тіркелді
-
Қазақстандағы экология зaңнaмaсы: жаңашылдық пен жауапкершілік жүгіндегі өзгерістер
-
М.Құрманбаев: Цифрландыру шараларын iске асыру барысында 8 iрi өндiрiс орнымен меморандум жасалды
-
Қазақстанда халықты вакцинациялаудың бipiншi күнi қалай өттi
-
Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды
-
COVID-19: Қазақстанда вакцина қашаннан бастап егiледi, кiмдер тегiн ала алады
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
Қазақстанда Балық шаруашылығы комитеті құрылды
-
Қазақстанда өтетін сайлау Батыс үшін неге маңызды
-
Қазақстанда зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері өсті
-
Қазақстанда полиция қызметін модернизациялау процесі қалай жүріп жатыр
-
Фейк: “Қазақстанда ҰОД ұйымы жұмыс істейді»
-
Қазақстанда 858 мыңнан астам адам АӘК алды

