- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциялары ашылады
Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциялары ашылады
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР балалар спортын дамыту және оны дәріптеу әдістері туралы баспасөз мәслихаты өтті. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Жарасбаев Серік, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының директоры Есентаев Тастанбек, «Хабар» телеарнасының директоры Бисембина Динара Асқарқызы, "Мен-чемпион" балалар спорттық қозғалысын дамытуға жәрдемдесу қайырымдылық қорының директоры Сазанов Евгений Анатольевич Қазақстанда балалар спортын дамыту қалай жүзеге асып жатқаны туралы айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Серік Жарасбаевтың дерегінше, Қазақстанда қазіргі таңда 120 мыңнан астам секция жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, елімізде 98 кәсіби ойын клубы бар. Олардың 99%-ы жергілікті атқарушы бюджеттен қаржыландырылады. Кәсіби клубтардың қаржысы бұқаралық, балалар, жасөспірімдер тегін спорт секцияларды ашуға жұмсалуда.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығына тоқталды. Президент өскелең ұрпақтың спорттық, шығармашылық әлеуетіне, өңірлерде спорттық секциялар ашуға, сондай-ақ қаржыны кәсіпқой клубтардан балалар мен жасөспірімдер клубтарына, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептеріне және бұқаралық спортқа қайта бағыттауды тапсырды. Қазіргі уақытта Үкімет тарапынан, Мәдениет және спорт министрлігі, бүкіл жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, осы бағыт бойынша жұмыстар атқарылуда. Жыл соңына дейін нақты шешімдер қабылданбақ. Сондай-ақ, Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары шеңберінде министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 74-ші және 75-ші тармақтарды іске асыруда, - деді С.Жарасбаев.
Оныі айтуынша, қазір Үкімет, Мәдениет және спорт министрлігі бүкіл жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларының санын көбейту үшін үлкен жұмыс жасалып жатыр.
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының директоры Есентаев Тастанбекттің хабарлауынша, мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Жол картасы әзірленді.
Бұқаралық спортты дамытудың жол картасын әзірлеудегі мақсат – оқушылардың бұқаралық спортпен айналысуына мүмкіндіктер жасау. Қазақстан бойынша 1252 мекемеде 60 мыңға жуық үйірме жұмыс істеп тұр, соның ішінде 39 440 спорт секциясы бар.
Қазақстанда мектеп оқушыларының саны 3 млн. болса, соның 42 пайызын бұқаралық спортқа тарту көзделген. Бүгінде жүйелі түрде спортпен айналысатын балалар саны 1 млн. 200 мыңнан асады. Ендігі міндетіміз – мектептерге бұқаралық спортты дамыту бойынша жаңа жобалар әзірлеу. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі дене тәрбиесі туралы заңға өзгертулер енгізіп, балаларды бұқаралық спортпен қамту үшін балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубтарын ашуды ұсынып отыр. Олар әрбір аудан, облыс орталықтарында болады. Нәтижесінде, бұл қосымша 35 мың балаға спортпен айналысуға жағдай жасайды, - деді ол.
Брифинг барысында 2000 жылы қолға алынған «Мен – чемпион» балалар спорттық ойынының телевизиялық жобасы 2015 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен балалар спорттық қозғалысының жайы сөз болды. «Мен - чемпион» балалар спорттық қозғалысын дамытуға жәрдемдесу қайырымдылық қорының директоры Евгений Сазанов жобаға қызығушылықтың артып келе жатқанын айтты.

-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер

