• Басты
  • 2019 жылы Қазақстанда автомобиль экспорты он есеге өсті
25 Ақпан, 2020 17:23

2019 жылы Қазақстанда автомобиль экспорты он есеге өсті

Қазіргі таңда еліміздегі автомобиль өнеркәсібі шикізаттық емес секторды индустриялық дамытудың 12 басым бағыттарының қатарына қосылды. Сондай-ақ мемлекет тарапынан да жүйелі түрде қолдауға ие болып отыр. 2019 жылдың қорытындысы бойынша ҚР Машина жасау саласындағы автомобиль өнеркәсібінің үлесі 26 пайызды құраған. Сонымен бірге 50 мыңнан астам техника өндірілді, 3 мыңға жуық автомобиль экспортталды. Қазақстандық автобизнес Ассоциациясы берген статистикалық мәліметке сүйеніп, еліміздегі автомобиль саласының дамуына талдау жасап көрелік.

2019 жылы Қазақстанда автомобиль экспорты он есеге өсті

Қазақстанда атомобиль экспорты 2018 жылмен салыстырғанда он есеге өскен. Жалпы 2019 жылдың он екі айында 3 мыңға жуық автомобиль экспортталған. Нақтырақ айтсақ, өткен жылы 13,2 млрд теңгеге 2 629 автомобиль (JAC, Hyundai және Ravon) сыртқа шығарылған.

Статистика бойынша, 1471 - JAC , 716 - Hyundai , 442 - Ravon маркалы автомобиль экспортталған. Алғашқы орында JAC маркалы автомобилі тұр. Ал Hyundai маркалы көлігі - екінші орында. Ravon - үшінші орынға жайғасқан.  

Ал 2019 жылы Қазақстан аумағында жалпы құны 359,5 млрд теңге болатын 50 447 техникалық құрал өндірілді. Бұл 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда 76,6 пайызға көп.

Қазақстандағы автомобиль өндіруші 3 үздік компаниялардың қатарына "Сарыарқаавтопром", "Азия авто" және  "Семаз" кіреді. Атап айтсақ, "Сарыарқаавтопром" компаниясы жалпы құны 186,6 млрд теңгені құрайтын 25 802 техникалық құрал өндірген. Ал екінші орындағы "Азия авто" компаниясы 108,2 млрд теңгеге 20 мың техникалық құрал-жабдық жасап шығарған. Сонымен қатар "Семаз" компаниясы 18,4 млрд теңгеге 1 851 техникалық құрал- жабдық өндірді. Ал сонымен қатар айта кету керек, елдегі техникалық құрал жабдық өндіретін басқа компаниялар 46,6 млрд теңгеге 2 794 құрал-жабдық жасап шығарған.  

Сонымен қатар Қазақстандағы автомобильдердің сатылымына назар аударсақ, 2019 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда желтоқсан айында автомобиль сатылымы екі есеге артқан. Мысалы, 2019 жылдың бірінші айында 4444 автобиль сатылған болса, желтоқсанда бұл көрсеткіш 8428-ге жеткен.  Сондай-ақ ақпан, тамыз, қыркүйек айларында автомобиль сатып алу көрсеткіші азайған. Қазан айынан бастап көреткіш өсе бастаған.

Ал 2020 жылдың қаңтар айына тоқталсақ, 2019 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда автомобиль сатылымы биыл 20 пайызға артқан. Қазақстандық автобизнес Ассоциациясының мәліметінше, өткен айда дилерлер 5 мыңға жуық жеңіл автокөлік пен жеңіл коммерциялық автомобильді сатқан. Сонымен қатар 393 грузовик пен автобус сатылған. 

Енді көп сатылған автомобиль брендтерінің алғашқы бестігіне назар аударайық. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2020 жылдың бірінші айында Hyundai маркалы автокөлігі қазақстандықтар арасында танымал болған. Атап айтқанда, 1 136 автомобиль сатып алынған. Lada маркалы көлігі екінші орында, 917 көлік сатып алынған. Ал 710 Toyota маркалы автокөлігі, 667 - Ravon,  525 Kia автокөлігі сатып алынған. 

Ал жеңіл машинадан Ravon Nexia R3 (449) моделі көш бастап тұр. Екінші орында -  Lada Granta, сондай-ақ 332 сатылыммен Hyundai Tucson моделі үшінші орында тұр.

Сонымен қатар Қазақстандық автобизнес Ассоциациясының мәліметінше, болашақта автомобиль өнеркәсібінде 2021 жылдың басынан бастап көлік құралдарын өнеркәсiптiк құрастыру туралы жаңа келiсiмдерге көшу жолымен жергілікті қамту үлесін ұлғайту жұмыстарын жалғастыру, қазақстандық автоөндірушілердің серіктестерімен өндірістік кооперацияны дамыту, оның ішінде автокомпоненттер өндірісін жолға қою, электромобильдер өндірісін игеруді жалғастыру көзделіп отыр.


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды