• Басты
  • Қазақстанда аутизм диагнозы бар балалар көбейді

Қазақстанда аутизм диагнозы бар балалар көбейді

2 Сәуір, 2021 14:04

Бүгін Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні. Осыған орай ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Аутизм үкім емес» атты баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Аутизм – бұл 3 жасқа дейінгі жастық кезеңде білінетін, ауытқымалы және бұзылған дамудың болуымен, әлеуметтік өзара іс-қимыл, қарым-қатынастың және шектеулі, қайталанатын мінез-құлықтың барлық үш саласында ауытқымалы қызмет етуімен айқындалатын дамудың жалпы бұзылуы.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен баланың денсаулығын қорғау департаменті директорының орынбасары Олжас Искаковтың айтуынша, Республикамызда соңғы 13 жыл ішінде АСБ бар балалар санының біршама өскені байқалады, 2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін өсім әсіресе соңғы жылдары 20 еседен астам көрсеткішті құрады, бұл әр түрлі факторлармен, соның ішінде көмек қолжетімділігінің және ауруды анықтау деңгейінің артуымен байланысты.

БҰҰ Бас Ассамблеясында аутизмнен зардап шегетін балалар санының жыл сайын көбейіп бара жатқанына алаңдаушылық тудырады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, 160 баланың біреуі немесе балалардың 0,6%-ы аутизмдік спектр бұзылуларынан зардап шегеді.

AUTISM KAZAKHSTAN Ұлттық Қауымдастығының төрағасы, экономика ғылымдарының докторы Нұрия Балтабайқызының айтуынша, елде 161 мың бала ерекше білім мен тәрбие алуды қажет етеді. Қазақстанда түзету-педагогикалық тәрбие беру мекемелерінде 96,58% - ға бала толық. 2020 жылдан бастап орта білім беру мекемелерінде аутизммен ауыратын балаларға білім беретін педагог-ассистенттер жұмыс істей бастады.

«ҚР Білім және ғылым министрлігі осы бағытта жұмыста біріздендіріп келеді. Оқу бағдарламасына аутизм балаларды оқыту үшін арнайы модулт әзірленіп, бекітілді», - деді ол.

Үкімет тарапынан Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары бойынша уәкілетті өкіл – Аружан Саиннің бастамасымен Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасында көзделінген диагностикалау, оңалту/бейімдеу іс-шараларын жақсарту бойынша маңызды іс-шаралар қабылдануда. Соңғы екі жылда қалалық амбулаториялық-емханалық ұйымдар деңгейінде 74 алғашқы психикалық денсаулық орталығы ұйымдастырылды; ауылдық деңгейде психикалық денсаулық кабинеттерінің желісі 219-ға дейін кеңейтілді; балаларға арналған күндізгі стационардың 65 төсек-орынға арналған 3 бөлімшесі ашылды; Қарағанды облысында және қалада, сондай-ақ, Шымкент қаласында ауысымына 90 келушіге, сондай-ақ тәулік бойы болу үшін 15 орынға арналған балаларға арналған медициналық-әлеуметтік оңалтудың екі бөлімшесі ашылды.

Көмек қолжетімділігін жақсарту шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі келесі негізгі ұйымдастырушылық қадамдарды жүзеге асырып жатыр:

-қалалық амбулаториялық-емханалық ұйымдар деңгейінде 74 бастапқы психикалық денсаулық орталығы құрылды;

-ауылдық жерлерде психикалық денсаулық бөлмелерінің желісі 219-ға дейін кеңейтілді; 

2017 жылдан бастап денсаулық сақтау ұйымдарында балалар психиатрларының саны 67%-ға артты, сондай-ақ 2021 жылы психиатрия, соның ішінде балалар психиатриясы мамандығы бойынша резидентураны 150-ден астам түлек бітіреді деп күтілуде.

Бұдан бөлек ведомствоаралық өзара әрекеттесудегі қиындықтар, әр түрлі салада (денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, спорт және т.б.) оқудан және дайындықтан өткен мамандардың жетіспеушілігі, қоғамда ақпараттандырудың тапшылығы, дамуында ерекшеліктері мен бұзылулары бар балалар мен ересек адамдарды стигматизациялаудың жоғары деңгейі, оларды жақтырмау және қарапайым халық арасында шеттету секілді шешілмеген мәселелер бар. 

 


Барлық жаңалықтар