• Басты
  • Қазақстанда қалдықтарды тиімді басқарудың озық үлгісі енгізіледі
25 Қыркүйек, 2019 11:04

Қазақстанда қалдықтарды тиімді басқарудың озық үлгісі енгізіледі

Экология, геология және табиғи ресустар Министрлігі жанындағы қоғамдық кеңес ӨКМ Операторы қызметінің стратегиялық даму бағытын бекітті, деп хабарлады Strategy2050.kz.

   


Қазақстанда қалдықтарды тиімді басқарудың озық үлгісі енгізіледі

Құжаттың басты мақсаты қалдықтарды кешенді басқару жүйесін дамыту,  қалдықтардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайту, сондай-ақ қалдықтардан қайталама шикізат алу және оны энергия көзі ретінде пайдалану.

Атап айтқанда жекелеген аймақтарда  тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек тастау жүйесін енгізу, сұрыптау желісін қосу, қалдықтан энергия өндіретін зауыт құрылысына инвесторлар тарту қарастырылған. Қалдықтан энергия өндіру тәжірибесі көптеген мемлекеттерде қолданыста бар.

Аталған әдіс-тәжірибені елімізде  қолдану қалдықты тиімді басқарудың оң шешілуіне ықпал етеді. Нәтижесінде қоқыс полигондарынан парниктік газдардың шығуын азайтып, елімізде көмілетін ҚТҚ көлемін 90% дейін қысқартуға мүмкіндік береді. 

Көмілетін қалдық көлемін қысқарту, қайта өңдеуді ұлғайту және де  тұтынушы ыдысына депозиттік жүйе енгізу Оператор стратегиясында ұсынылып отыр. Яғни, бос ыдысты қайта тапсырған тұтынушы ынталандырылады. Сол арқылы тұрмыстық қалдықтардың қайта өңдеу үлесі артады. 

 Қоғамдық кеңесте заңсыз қоқыс алаңдарын жоюға Оператордың қатысуы және аталған шараны орындауға ортақ қаржыландыру мәселесі қарастырылды.  Заңсыз қоқыс алаңына айналған полигондар жанына қалдықты уақытша бекеттер орнату ұсынылды. Ол жерде қалдықты жағуға арналған уақытша құрылғы болады. Аталған технология далаға тасталған қалдықты анықтауға және оны жедел жоюға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Оператор тарапынан аралас түрдегі қаптама қалдықтарын, қоңыр түсті шыны ыдыс қалдықтарын, пластмасса (полиэтилен, полипропилен) қалдықтарын өңдейтін кәсіпорын құрылысын салуға қаржы бөлу мүмкіндігі қарастырылды.

Сонымен қатар, Оператор Стратегиясында бүгінгі күнде қызмет етіп отырған бағыттарды ынталандыруға қолдау көрсетіле беретіндігі белгіленген. Нақты айтқанда ескі көліктерді тапсыру бағдарламасын ынталандыру, электр қуаттау бекеттерінің инфрақұрылмын дамыту, ӨКМ таралатын өнім қалдықтарын жинауға және қайта өңдеуге жұмсалатын өтемақыны беруге, экологиялық таза көліктерді шығару өндірісін ынталандыруға қолдау көрсетілетіндігі белгіленген. 

Қоғамдық кеңес отырысының қорытындысы бойынша кеңес мүшелері тұрмыстық қалдықтардың қоқыс полигондарына көмуді шектеу, оны қайта өңдеу, заңсыз қоқыс алаңдарының пайда болуына жол бермеу шаралары ең өзекті стратегиялық бағыт екендігін  атап өтті. Сондықтан Қазақстанда қалдық басқару жүйесін және қайта өңдеу саласындағы инфрақұрылым жедел дамытуды қажет етеді.  

 Ескертулер мен ұсыныстар толық ескерілген Стратегияны Экология, геология және табиғи ресустар Министрлігі бекітті. Бүгінгі таңда аталған шараларды жүзеге асыру бойынша жоспарлар әзірленеді. 

Айта кетейік, жыл сайын Қазақстанда 4,3 млн тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық шығатын болса, соның не бары 11,51% ғана қайта өңделеді. Жыл өткен сайын азық-түлік және басқа тауар номенклатурасының көбеюіне байланысты ҚТҚ көлемінің өсетіндігі күтілуде. ҚТҚ көлемі жыл сайын 400-500 мың тоннаға өскендігін көрсетіп отыр. Қазіргі таңда Қазақстанда ҚТҚ сұрыптап және қайта өңдейтін 170-тен астам шағын және орта бизнес кәсіпорыны жұмыс істейді.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды