- Басты
- Қазақстанда алғаш рет инклюзивті спортты дамыту бойынша халықаралық конференция өтті
Қазақстанда алғаш рет инклюзивті спортты дамыту бойынша халықаралық конференция өтті
Нұр-Сұлтанда «Бейімдік дене шынықтыру және спорт: қазіргі жайы және даму келешегі» атты І Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz.

Конференция Қазақстан, Ресей және Оңтүстік Кореяның Бейімдік дене шынықтыру саласындағы жетекші сарапшыларын, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінен дене шынықтыру, білім беру және әлеуметтік қорғау саласындағы қатысушыларды – жалпы саны 320-ден астам қатысушыны біріктірді.
Талқылаудың басты тақырыптарының бірі «Samruk-KazynaTrust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен әзірленген Бейімдік дене шынықтыру және спорт бойынша бірегей оқу құралы болды.
«Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан әлеуметтік мәселелерді жүйелі түрде шешуге бағытталған бастамаларды әрқашан қолдауға тырысады. Ғалымдар осы жоба барысында орасан зор жұмыс атқарды және тәжірибелік негіздер әзірледі. Біз осындай жобаны қолдауға қуаныштымыз», - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» Қорының бас директоры Дияс Әзбергенов.
Бұл конференция отандық мамандарды бейімдік дене шынықтыруды дамыту мәселелерімен тығыз айналысуға итермелейді. Іс-шараға инклюзивті спорттың түрлі аспектілерін ашатын арнайы баяндамалар дайындалды.
Екі күн ішінде сарапшылар инклюзивті білім беру, әлеуметтік оңалту, білікті кадрларды даярлау және т.б. жүйелерде бейімдік дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелері мен перспективаларын талқылады.
«Бейімдік дене шынықтыру және спорт - бұл мүгедектігі бар адамдарды кешенді оңалту жүйесіндегі тиімді бағыттардың бірі. Қазақстанда бұл шаралар жүйесі дамудың бастапқы кезеңінде, бейімдік дене шынықтыру бойынша білікті мамандардың жетіспеуі сезіледі, бұл салада ғылыми-зерттеу қызметі іс жүзінде жүргізілмейді. Сондықтан да конференция ұйымдастырылды, онда әркім өз тәжірибесімен бөлісіп, өзі үшін жаңа ақпарат алды», - деді конференцияны ұйымдастырушы, «Мүгедектігі бар балалардың ата-аналар қоғамы «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚБ жетекшісі Нұргүл Улжекова.
Оның айтуынша, жақын арада «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша оқитын бакалаврлар мен магистрлердің білім беру бағдарламалары бейімдік дене шынықтыру курстарымен толықтырылатын болады. Сонымен қатар, конференция барысында сарапшылар қазақстандық жоғары оқу орындарында «Бейімдік дене шынықтыру» мамандығын ашу туралы ұсыныс жасады.
Конференцияны ұйымдастырушы «Мүгедектігі бар балалардың ата-аналар қоғамы «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚБ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Ресей Федерациясының Сібір мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университеті. Бас серіктес – «Samruk-KazynaTrust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.
-
Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды
-
COVID-19: Қазақстанда вакцина қашаннан бастап егiледi, кiмдер тегiн ала алады
-
Қ.Тоқаев Парламенттің VII шақырылымының алғашқы сессиясын ашты
-
«Таза сайлау» ұйымы: Сайлауда Қазақстан бойынша 500 заңбұзушылық тіркелді
-
Парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауы қалай өтті
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
Cайлау-2021: Үкімет басшысы, Сенат Төрағасы, Мемлекеттік хатшы алғаш болып дауыс берді
-
Қазақстанда Балық шаруашылығы комитеті құрылды
-
Қазақстанда өтетін сайлау Батыс үшін неге маңызды
-
Қазақстанда зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері өсті
-
Қазақстанда полиция қызметін модернизациялау процесі қалай жүріп жатыр
-
Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалды
-
Фейк: “Қазақстанда ҰОД ұйымы жұмыс істейді»
-
Шымкентте «Сайлау-2021: Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі» атты дөңгелек үстел өтті
-
Қазақстанда 858 мыңнан астам адам АӘК алды

