• Басты
  • Қазақстанда АХҚО негізінде инвестициялық резиденттік бағдарламасын іске қосу жоспарлануда
14 Қаңтар, 2020 18:11

Қазақстанда АХҚО негізінде инвестициялық резиденттік бағдарламасын іске қосу жоспарлануда


2019 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, оған сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» заңға да өзгерістер енгізілді.
Қазақстанда АХҚО  негізінде инвестициялық резиденттік бағдарламасын іске қосу жоспарлануда

Аталған түзетулер АХҚО негізінде инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасын іске қосу мақсатында енгізілді. Айта кетейік, елге инвестиция тартуға тырысатын көптеген мемлекеттер осындай заң жобаларын қабылдайды.

Бағдарламаның мақсаты бойынша - инвесторларға және олардың отбасы мүшелеріне 5 жылға дейінгі мерзімге Қазақстан Республикасына кіру визаларын алу құқығы беріледі, ал олар есесіне инвестиция тартады, сондай-ақ мемлекеттік бюджетке міндетті төлем төленген жағдайда, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі кірістер бойынша ЖТС төлеуден босатылады.

Біріншіден, әлеуетті шетелдік инвестор (жеке тұлға) АХҚО кеңсесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі және сенімділігі үшін тексеруден өтуі керек. Талаптарға сәйкес, әлеуетті инвестор алдыңғы 20 жыл ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болмауы керек және салық салу үшін алғашқы өтініш бергенге дейінгі 20 жыл ішінде Қазақстан Республикасының резиденті болмауы керек.

Екіншіден, тексеруден өткеннен кейін, әлеуетті шетелдік инвестор АХҚО биржасындағы, қаржы орталығының инвестициялық қорларындағы, орталық қатысушыларының жарғылық капиталдарындағы бағалы қағаздарға инвестиция құяды (мөлшері Инвестициялық резиденттік бағдарламасымен белгіленеді) және АХҚО инвестициялық резиденті атанады. 

АХҚО-ның инвестициялық резиденті қаржы орталығының өтініші бойынша 5 жылға дейінгі мерзімге кіру визасын алуға құқылы. Виза беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдайды. 

Қазақстанға келгеніне 90 күн өткеннен кейін, АХҚО инвестициялық резиденті өзге мемлекеттердегі табыс көздерінен түсетін кірістер үшін төлемақы төлеуден босатылуға құқылы. Ол үшін резидент мемлекеттік бюджетке міндетті төлемді төлеп, салық органдарына жүгінуі керек (мөлшері Салық кодексінде белгіленген). 

Айта кету керек, бұл жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы кірістерге Салық кодексіне сәйкес салық салынатын болады, ал шетелден келген табыстарға салық салынбайды.

Бұл шара салық шығындарын оңтайландыруға ұмтылатын инвесторларға бағытталған.

                            

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды