• Басты
  • Қазақстанда 94 қызметтік функция қайта бөлінбек
13 Ақпан, 2020 12:16

Қазақстанда 94 қызметтік функция қайта бөлінбек

Мәжілісте "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы таныстырылды,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Қазақстанда 94 қызметтік функция қайта бөлінбек
"Бүгінгі қабылданып жатқан заң жобасы өте керек. Себебі,заман талабына сай,көптеген мәселелер дер кезінде шешілуі керек. Сондықтан барлығын Үкіметтің басшылығы мен министрліктерге артып қоюға болмайды,кейбір мәселелер жергілікті деңгейде,кей мәселелер министрлік ішінде шешілуі керек. Қазір уақыттың тапшылығы көп мәселені тез арада шешу қажеттігін талап етеді",-деді жұмыс тобының жетекшісі Сапар Ахметов.

Сондай-ақ,депутат заң аясында көптеген заман талабына сай қажетті мәселелер қабылданатынын айтты.

"Бұл заңды дер кезінде қарастырып жатырмыз деп ойлаймын. Тезірек қабылдауымыз керек. Бұл заң мемлекеттік органдар мен жергілікті органдарға халыққа қажетті шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді",-деді депутат.

Заң жобасы кейбір қызмет функцияларын Үкіметтен орталық мемлекеттік органдарға,орталық мемлекеттік органдардан жергілікті органдарға тапсыруды көздейді.

Заң жобасын таныстырған Ұлттық экономика вице-министрі Айгүл Шаимова Мемлекет басшысы мемлекет басқарудың жаңа моделін құру тапсырмасын жүктегенін айтты.

"ҚР Тәуелсіздік алғалы бері 3 әкімшілік реформа жасады. Олар, 1997-2001 жылдардағы әкімшілік-бюджеттік реформа,2007 жылы мемлекеттік жоспарлау тәсілдерін қайта қарау,мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру,2013-2014 жылдары мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату,оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару институтын нығайту,мемлекеттік басқару жүйесінің жекелеген бағыттары бойынша тұжырымдамалық тәсілдерін қабылдау,2007 жылы конституциялық реформа,оның шеңберінде мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктер бөлінген",-деді А.Шаимова.

Сондай-ақ,вице-министр айтып өткендей, мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша өзгерістер мен толықтырулар 55 заңнамалық актіге енгізіледі.

"Оның ішінде 5 кодекс пен 50 заң бар. 94 қызметті беру қарастырылған.Оның ішінде Үкіметтен министрлікке 88 қызметті беру қарастырылып отыр. Құжаттардың барлық типтік түрлерін өкілетті органдар бекітеді",-деді ол.

Сондай-ақ, министрліктер арасындағы өкілеттіктер де бөлінетін болады.

"Бұл заң ең алдымен Үкіметтің мемлекеттік органдардың саясатына көп көңіл бөлуіне ықпал етеді",-деді ол.

Сонымен қатар, Үкіметтен орталық атқарушы органдардың ішінде Денсаулық сақтау министрлігіне көрсеткіштері дер кезінде санаторлық-курорттық емдеу ұсынылатын аурулардың тізбесін айқындау жөніндегі функцияларды беру қарастырылған.

"Қаржы министрлігіне кәсіби ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің нысандарын бекіту құқығы беріледі,бұл уәкілетті органдардың дербестігін арттыруға мүмкіндік береді. Ал Орталық атқарушы органдар арасында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен өкілеттіктерді ажырату мақсатында мәдениет және спорт министрлігіне тарихи және мәдени құндылығы бар жазбаларды сақтау тәртібін айқындау жөніндегі функцияны беру жоспарланып отыр",-деді ол.

А. Шаимова заң жобасына ұсынылатын өзгерістер бюджет кодексіне түзетулер штат санын оңтайландыру кезінде босаған қаражатты мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыруға бағыттауға мүмкіндік беретінін айтты.

"Заң жобасын қабылдау мемлекеттік басқарудың тиісті деңгейлерінің дербестігін арттыруға ықпал етеді. басқарудың оңтайлы құрылымын құруға ықпал етеді. Басқарушылық шешімдерді қабылдау мерзімін қысқартады. Заң жобасын қабылдаудың нәтижесі республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлуді талап етпейді. Теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Мемлекеттік аппарат жұмысының жеделдігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған",-деді ол.

А.Шаимова өкілеттіктерді тапсыру қоғамның сұраныстарына жедел жауап беру мақсатында жүзеге асырылатынын айтты.

"Жалақыны көтеру мәселесі аталған заң жобасы аясында қаралмайды. Алайда, бұл маңызды мәселелердің бірі. Бірнеше жыл қатарынан мемлекеттік орган қызметкерлердің жалақысын қайта қарастыру мәселесі пилоттанып жатыр. Мемлекет басшысы да мемқызметкерлердің еңбекақысы бәсекеге қабілетті болуы қажеттігі туралы айтқан болатын",-деді ол.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды