• Басты
  • Қазақстанда 5G желісі қашан енгізіледі
1 Қазан, 2019 10:32

Қазақстанда 5G желісі қашан енгізіледі

2021 жылдың аяғына дейін Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев университеті мен ЭКСПО-да, ал 2022 жылы аэропорт пен вокзалда, сауда орындары мен алаңдарда 5G технологиясын енгізу жоспарлануда, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Қазақстанда 5G желісі қашан енгізіледі | Strategy2050.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Қазақстанның елді мекендерінде кең жолақты Интернетті дамыту туралы айтып берді.

«Елбасының тапсырмасын және Цифрлы Қазақстан мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында, біз Қазақстан Республикасының елді мекендерін Интернет қызметтерімен қамту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіп жатырмыз.Қазіргі таңда елімізде 117 қала мен 3 324 ауылда кең жолақты Интернет қол жетімді. Ол әр түрлі технологиялармен қамтамасыз етілген, солардың ішінде талшықты-оптикалық желі, 3G және 4G желілері», - деді А.Жұмағалиев.

Сондай-ақ, 2018 жылы Қазақстан әлемдік рейтингте ұялы байланыс абоненттері бойынша 21-ші орынға ие болды.

«Қазақстанда Интернет пайдаланушылар саны 2018 жылы                      81,3%-ті құрады және әлемдік рейтингте Қазақстан 45–ші орынға ие болды.Ауылдық жерлерді кең жолақты Интернетпен ары қарай қамту үшін 2018-2021 жылдарда талшықты-оптикалық және LTE (4G) желілерін салу жоспарлануда», - деді министр.

Сондай-ақ, министр бірінші кезең - талшықты-оптикалық желілерді салу екенін айтты.

«Жобаны іске асыру 1 250 ауылдық елді мекенде жоғары жылдамдықты Интернет қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді. 2019 жылғы                           1-жарты жылдықтағы жағдайы бойынша талшықты-оптикалық желілер 83 ауылдық елді мекенде (оның ішінде 85 денсаулық сақтау объектілері мен 76 білім объекттері) іске қосылды. 2019 жылдың аяғына дейін 685 ауыл Интернет желісіне қосылады, ал 2020 жылы қалған 509 ауылды қосу жоспарлануда», - деді ол.

Ал, екінші кезең - LTE (4G) стандартындағы мобильді желілерді дамыту арқылы 3 143 ауылды: 2019 жылы – 574, 2020 жылы – 1 046 және 2021 жылы – 1 523 ауылдарды Интернетпен қамту жоспарлануда.

«Осы аталған жобаларды іске асыру аясында 2020 жылдың аяғына дейін тұрғындардың саны 250 –ден асатын 880 ауыл кең жолақты Интернет желісімен қамтылатын болады.Сонымен қатар, ары қарай тұрғындардың саны 50-ден жоғары 885 ауылды Интернет желісіне қосу жоспарлануда. Қорытындысы бойынша 2022 жылдың соңына дейін 5089 ауылдық елді мекен Интернет желісіне қосылады», - деді ол.

Сонымен қатар, қалған ауылдарға спутниктік байланыс арқылы Интернет желісін ұйымдастырудың техникалық мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

«Бұл орайда ауылдық елді мекендерді Интернет желісіне қосу Ұлттық экономика министрлігімен жасалған перспективті ауылдар тізіміне сәйкес орындалатын болады», - деді ол.

Сондай-ақ, Интернет желісінің жұмыс істеу сапасын жақсарту мақсатында, Министрлікпен байланыс желісінің сапасы төмен жерлерді анықтау барысында өлшем жұмыстары жүргізіледі.

«Байланыс сапасы нашар қамтылған аймақтарда қосымша базалық станцияларды орнату үшін мәселелері әкімдіктер және байланыс операторларымен пысықталды. Мысалы, Бурабай курорттық аймағы және Нұр-Сұлтан қаласы аумағында әкімдіктермен бірге мачталар салу мәселесі оң шешімін тапты. Бұл мачталарды жеке кәсіпкерлер салады, ал байланыс операторлары ұялы байланыс базалық станцияларын орнатады», - деді А.Жұмағалиев.

Сондай-ақ, министр осындай жұмыстар Алматы және Павлодар әкімдіктерімен де жүргізілу басталды. Осы бастамаға басқа да облыс әкімдіктеріне атсалысуды ұсынатынын айтты.

«Тағы бір айта кететін мәселе Қазақстанда жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз.Президенттің тапсырмасына сәйкес Министрлік Қазақстанда 5G желісін енгізу бойынша жұмыстар атқаруда. Осы орайда, Жол картасы бекітілді. 5G мобильді байланысының тесттік сынағы Нұр-Сұлтан қаласында өткізілді», - деді ол.

Сонымен қатар, сынақ жұмыстары Алматы қаласында жүргізілді және де, қазан айында Шымкент қаласында өткізу жоспарланып отыр.

«Сынақ нәтижесінде технологияның заттар Интернетін, телемедицина, өнеркәсіпті, тау-кен өндірісін цифрландыру және «ақылды» қалаларды дамытуға мүмкіндіктер беретіні анықталды.5G технологиясын енгізу үшін тартылатын инвестициялар көлемі үлкен болғандықтан, 1-кезеңде бұл технологияны енгізу республикалық маңыздағы қалаларда (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент) ұйымдастыру жоспарлануда», - деді ол.

Министри атағандай, 2021 жылдың аяғына дейін Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев университеті мен ЭКСПО-да, ал 2022 жылы аэропорт пен вокзалда, сауда орындары мен алаңдарда 5G технологиясын енгізу жоспарлануда.

«Одан әрі 2023 жылдан бастап барлық облыс орталықтарында енгізу жұмыстары жүргізіледі.Осылайша, жоғарыда аталған жобаларды орындау жұмыстарының нәтижесі бойынша 2022 жылдың соңына дейін Қазақстан Республикасы халқының 97 %-ті кең жолақты Интернет желісімен қамтылатын болады. Қалған 3 %-тіне спутниктік технологияны қолдану мүмкіндігі қамтамасыз етіледі», - деді ол.

Сонымен қатар, интернет желісіне қолжетімділікті ауылдық жерлерде арттыру, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша электрондық денсаулық сақтау, электрондық қызмет көрсету, және басқа жобаларды іске асыру үшін негіз болып табылады.

«Бұл қала мен ауыл арасындағы цифрлық алшақтықты қысқартуға ықпал етеді. Халқымызға цифрлық технологияларды қолдануға толықтай мүмкіндік беріп, Қазақстан Республикасы экономикасын дамытуға өз ықпалын тигізетінін болады», - деді ол.

Үкімет басшысы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне байланыс операторларымен бірлесе отырып, өңірлерде талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу жұмыстарын жеделдетуді және ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетке қосуды жылдамдатуды тапсырды.

«Елбасы мен Мемлекет басшысының ауылдық жерлерде жоғары жылдамдықты интернетті қосу жөніндегі тапсырмаларының сөзсіз орындалуын қамтамасыз ету қажет. Бұл жұмыс белгіленген мерзімде – 2022 жылға қарай аяқталуы тиіс», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр 5G-ді пайдаланудың басымдығын дұрыс анықтап алу қажет екенін атап өтті, ол үшін 2020 жылы 5G-ді өңірлерде, соның ішінде, алдымен Нұр-Сұлтан қаласында тиімді пайдалану жөнінде тиісті жобалар әзірленуі керек.

Сонымен қатар, А. Мамин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің назарын байланыс және интернет сапасына, әсіресе әлеуметтік нысандардағы сапасының жақсы болуына аударды.

«Мектептер мен ауруханаларда жоғары жылдамдықты сапалы интернет болуы керек – бұл электронды оқулықтар мен оқу бағдарламаларын, телемедицина мен ақпараттық жүйелерді пайдалану үшін қажет», — деп атап өтті Премьер-Министр.

  Аягөз Құрмаш 

 

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды