• Басты
  • Қазақстанда 332 мың жаңа жұмыс орны құрылды
22 Қазан, 2019 09:45

Қазақстанда 332 мың жаңа жұмыс орны құрылды


Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша, 2019 жылдың 1 қазанына 332 мың жаңа жұмыс орны құрылды, бұл жылдық жоспардың 89% (373 мың), оның 146 мыңы ауылдық жерлерде.
Қазақстанда 332 мың жаңа жұмыс орны құрылды

Құрылған жұмыс орындарының 214,4 мыңы – тұрақты, 117,6 мыңы – уақытша жұмыс орны.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп құрылған жұмыс орындары көтерме және бөлшек сауда саласында – 35,8 мың. 32,9 мың – құрылыс саласында, 31,2 мың – ауыл, орман және балық шаруашылықтарында.

Жұмыс орындарының басым бөлігі Алматы (42,3 мың), Қарағанды (31 мың) облыстарында және Алматы қаласында (36,4 мың) құрылды.

Ең аз саны Қызылорда (9,6 мың), Ақмола (10,3 мың) және Батыс Қазақстан (10,8 мың) облыстарында құрылған.

Бүгінгі таңда жұмыс орындарын құру негізінен мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалары аясында жүзеге асырылатынын атап өткен жөн.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асырудың жаңа ережелерін қабылдады. Сондай-ақ, Еңбекмині «Жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасы» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – АЖ) әзірледі. АЖ өңірлер бөлінісінде ауылдық елді мекендерге, мемлекеттік бағдарламаларға, шағын және орта бизнеске, жобаларға, кәсіпорындарға, экономика салаларына жиынтық нысандар мен есептілікті әзірлеу мүмкіндігімен мониторингті жүзеге асырады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды