• Басты
  • Қазақстанда 33 мыңнан астам тұрғын үй пайдалануға берілді
18 Маусым, 2020 16:45

Қазақстанда 33 мыңнан астам тұрғын үй пайдалануға берілді

Биылғы 5 айда Қазақстанда 33 мыңнан астам тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Қазақстанда 33 мыңнан астам тұрғын үй пайдалануға берілді

2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республика бойынша жалпы ауданы 4,1 млн. шаршы метр немесе 33 479 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде 14 209 жеке үй. Аталған кезеңде жеке меншік есебінен жалпы ауданы 3,8 млн. шаршы метр баспана салынды.   

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2020 жылғы 1 маусымға дейін қаржыландырудың барлық көздерінен тұрғын үй құрылысына 525,4 млрд. теңге инвестиция салынды. Бұл - 2019 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 120,6%.

Тұрғын үйді іске қосу бойынша Түркістан (131,2%), Қарағанды (124,9%) Шығыс Қазақстан (114,3%), Батыс Қазақстан (111,9%), Жамбыл (108,7%), Солтүстік Қазақстан (108%), Қостанай (107,9%) облыстары алда келеді. 

Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша осы кезеңде 28 мың шаршы метр немесе 507 жалға берілетін тұрғын үй пәтер пайдалануға берілді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды