• Басты
  • Қазақстанда 2020 жылы туристік маусым бола ма
13 Мамыр, 2020 16:07

Қазақстанда 2020 жылы туристік маусым бола ма

Қазақстанда дағдарыс кезінде туризм мен индустрияны қолдау шаралары мен жоспарларын Қазақстан баспасөз клубы алаңында виртуалды кездескен сарапшылар талқылады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Қазақстанда 2020 жылы туристік маусым бола ма

Қазақстан туристік қауымдастығы заңгерлер ұйымының директоры Рашида Шайкенова коронавирусқа қатысты шаралар ең алдымен туризм саласына әсер еткенін айтты.

«Ухань қаласында коронавирус індеті анықталған соң, кіріп-шығуда шектеулер байқалды. Шағын және орта бизнес айтарлықтай зардап шекті. Бүгінде біздің бизнестің жағдайы мүшкіл. Қазір бүкіл әлемді бұл індет қамтып отыр, өзіміз үшін ерекше жағдайды талап ете алмаймыз. Бұл шағын бизнес адамдардың орын ауыстыруына қатысты болған соң, тікейлей әсер етіп отыр. Бұл індет Туризмнің барлық 3 түріне де әсер етті. Ол кіру, шығу және ішкі туризм. Ішкі туризм адамдардың үйлерінде көп отыруына қатысты даму әлеуетінің өсуі мүмкін. Алайда, теңге бағамының өзгеруі мен дағдарысқа қатысты тұрғындар демалысқа кететін шығынды қысқартуы мүмкін», - деді Р.Шайкенова.

Ол атап өткендей, Алакөлге баратындардың   қатары көбейеді деп күтілуде.

«Шипажай мен курорттық орындарға баратындар саны көбеюі мүмкін. Бас санитардың қаулысы бойынша жүріп-тұрудың тәртібі бекітілді», - деді ол.

Алайда, Р.Шайкенова ол құжатта демалуға шығатын адамдардың ПЦР-дан коронавирус расталмаған анықтамасы болуы керек екені көрсетілгенін айтты.

«Алайда, ол 7 күнге ғана жарамды. Одан әрі уақыттан кейін қандай әрекет ету керегі айтылмаған. Осы маңызды жағдайды назарға алса деген ниет бар», - деді ол.

Ал «SkyWay» ЖШС директоры Әсем Қосбағарова туризмді дамыту стратегиясына тоқталды.

«Қазақстанның туризмін сыртқы және ішкі нарықтағы маркетингі туралы айтқым келеді. Бүгінде көптеген бюджеттер қысқарды. Болашақта не күтіп тұрғанын ешкім білмейді, бұл тәжірибемен алғаш рет кездесіп отырмыз. Алайда, дағдарыс жағдайында маркетингтік белсенділікті тоқтатпау керек. Біз ұзақмерзімді әлеуетте туристер үшін жаһандық күресті жеңуде бұл мүмкіндікті бүгін қолдануымыз керек. Әлемдік экономикаға қосатын туризмнің үлесі 10 пайызды құрайды. Бір турист кем дегенде 10 адамға жұмыс орнын ашады. Кей елдерге туризм негізгі табыс көзі. Ішкі туризм, кіріп, шығу бұл инвестиция, көзқарасты өзгерту, көкжиекті кеңейтуге әсер етеді. Біздің елде туризмді ЖІӨ-нің 8 пайызына жеткізу мақсаты тұр. Ол үшін бізге нақты жоспар керек. Қазақстанның туристік дистинация ретінде дамуы туралы стратегиясы керек», - деді ол.

Ал «Outfitter.kz» ЖШС Азамат Мұхаметжанов визалық режимге қатысты мәселені көтерді.

«Турист кез келген елге барар алдында қанша шығын кететінін есептейді. 2017 жылы елде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі кезінде визалық босаңсу байқалды. Соңғы босаңсу 2019 жылдың соңында болды. Уханьннан бастап Қытайдан ҚР-ға кіру шектелді. 2020 жылдың 17 сәуірінде Үкімет 50-ден астам ел Қазақстанға виза арқылы ғана кіре алатынын бекітті. Біз төрт жыл бұрын жағдайға қайта оралдық. Елге кіруге виза болған қаншалықты тиімді екенін айтуы қиын, себебі туристік статистика жоқ. Консулдық жинау 60 долларды құрайды», - деді ол.

   А.Мұхаметжанов еуропалық турист Алматыға 7 күнге келетін болса, оның бір күндегі шығыны 100 долларды құрайтынын жеткізді.

«Әуе билетінсіз оның саяхаты 600-700 доллар болса, визаға 60 доллар кетеді. Біздің көрші елдер бәсекелестік болып отыр. Ол Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстанда бізге ұқсас визалық режим жоқ. Тек қазір карантин кезінде шетелдік туристерге кіру шектелген. 2020 жылы туристік маусым бола ма? Біздің елде туристік маусым өте қысқа. Оның үстіне визалық режим де әсер етсе, өте тиімсіз», - деді ол.

Барлық жаңалықтар
40.77.191.13, 192.168.88.100