• Басты
  • Қазақстанда 2019 жылы 50 мыңнан аса автокөлік шығарылды
3 Ақпан, 2020 18:03

Қазақстанда 2019 жылы 50 мыңнан аса автокөлік шығарылды

Елімізде бүгінгі таңда автомобиль жасау жалпы машина жасау саласы ішінде ең жоғары өсім көрсетіп отыр. Өткен 2019 жылы республика бойынша 359,5 млрд. теңгеге 50 мыңнан астам көлік құралы шығарылды. Өндіріс өсімі 62,5% құрады, деп хабарлады Strategy2050.kz министрлікке сілтеме жасай отырып.
Қазақстанда 2019 жылы 50 мыңнан аса автокөлік шығарылды

Нақты өндірушілерге келсек, 2019 жылы «Азия Авто» зауытында 20 мың автокөлік, «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» кәсіпорнында 25802 (жеңіл, жүк автокөліктері, автобустар мен арнаулы техника), «Hyundai Trans Auto» ЖШС-де 496 (автобустар, жүк техникасы), «КАМАЗ-Инжиниринг» ЖШС зауытында 994 дана көлік құралы, «Daewoo Bus Kazakhstan» зауытында 496 (автобустар, ГАЗель «Next») және «СемАЗ» кәсіпорнында 1851 техникалық құрал (жүк көлігі, автобустар, ГАЗель) шығарылды. 

Қазақстанда автокөлік құралдарының барлық санаты шығарылатынын айта кету керек. Елімізде жалпы 167 модель құрастырылады, оның ішінде 33 жеңіл автокөлік. Nissan, Peugeot, Kia, Skoda, Hyundai, Renault, GM, IVECO, Daewoo, Ravon, JAC, SangYong сияқты әлемге әйгілі брендтермен ынтымақтастық орнатылды. 

Отандық автоөндірушілерді қолдау мақсатында өткен жылы коммерциялық техникаға утилизациялық жиын мөлшері арттырылды. Оған қоса, Ұлттық банктің жеңілдетілген автонесие бағдарламасы іске қосылды. Ол бойынша 5 жылдың ішінде 100 млрд. теңге (жылына 20 млрд. теңгеден) бөлінеді. 2019 жылдың қазан айындаалғашқы транш бөлінді. Нәтижесінде қаражатты револьверлік меңгеру әдісін есептегенде 101,5 млрд. теңгеге 19946 дана көлік құралы сатылды.  

Бұл бағдарлама тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие екенін айта кету керек. Республика бойынша орта есеппен алғанда автокөлікке деген қажеттілік 65 мың дананы құрайды. 

   










ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды