• Басты
  • Қазақстанда 2019 жылы 13,1 млн. шаршы метр баспана пайдалануға берілді
13 Қаңтар, 2020 18:01

Қазақстанда 2019 жылы 13,1 млн. шаршы метр баспана пайдалануға берілді

Халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз етуді мақсат ететін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылдың қорытындысында республика бойынша барлығы 13,1 млн. шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл дегеніміз 115 800 пәтер. 2018 жылмен салыстырғанда аталған көрсеткіш 104,9% құрайды. 

Қазақстанда 2019 жылы 13,1 млн. шаршы метр баспана пайдалануға берілді

Енді бәрін тарқатып айтсақ. Өткен жылдың 12 айы ішінде сатып алу құқығынсыз 14,5 мың жалға берілетін пәтер салынды. Оның ішінде 6 266 пәтер әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға берілді. Өңірлер арасында бұл тұрғыдан Түркістан (1532 пәтер), Атырау (600 пәтер) және Қызылорда (521 пәтер) облыстары алда келеді. 5 597 пәтер көп балалы отбасылардың игілігіне берілді. Түркістан облысы (841 пәтер) бұл жағынан да көш басында. Одан кейінгі орындарда Алматы облысы (686 пәтер) және Нұр-Сұлтан қаласы (549 пәтер) тұр. Сондай-ақ, сатып алу құқығынсыз берілетін пәтерлерге жастар да ие болды. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 1050 пәтер, Шымкентте 904 пәтер және Алматы қаласында 576 пәтер кілті жұмыс істейтін жастарға табыс етілді. 

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар 10 600 пәтер, «Самұрық-Қазына жылжымайтын мүлік қоры» АҚ қаржыландыруы есебінен 643 пәтер, жеке салушылар есебінен 2 748 пәтер салынды.

Осы орайда 2018 жылы Қазақстанда 12,5 млн. шаршы метр баспана пайдалануға берілгенін айта кету керек. Яғни, еліміздің әр тұрғынына 0,68 шаршы метрден келген. Бұл - ТМД елдері бойынша ең жоғары көрсеткіш. Салыстырмалы түрде айтсақ, Ресейде аталған көрсеткіш әр тұрғынға 0,54 шаршы метр, Беларусьта - 0,40 шаршы метр, Өзбекстанда - 0,36 шаршы метрден келеді. Жалпы, Қазақстанда баспанамен қамтамасыз ету тұрғысынан бір тұрғынға 21,9 шаршы метрден келеді. Ендігі мақсат - 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті 30 шаршы метрге жеткізу.

Елімізде тұрғын үй құрылысы саласындағы жұмыстар енді 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» жаңа мемлекеттік бағдарламасы аясында жалғасын табады. Тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытуға арналған бұл бағдарлама Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық бастамалары мен Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру аясында әзірленіп, 2019 жылдың желтоқсан айында қабылданды.        

      Жаңа бағдарламада тұрғын үй құрылысы, азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жүйесін дамыту саласындағы мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары үйлестірілген. Басты мақсаты – Қазақстанда баспананың қолжетімділігі мен жайлылығын арттырып, тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту.                     

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды