• Басты
  • Қазақстанда 19 мың шетелдік жұмыс істейді
17 Қаңтар, 2020 17:56

Қазақстанда 19 мың шетелдік жұмыс істейді

2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында 19 145 шетелдік азамат еңбек қызметін жүзеге асырады.
Қазақстанда 19 мың шетелдік  жұмыс істейді

Олардың ішінде бірінші санатта (менеджерлер мен олардың орынбасарлары) 770 адам (4%), екінші (бөлім меңгерушілері) – 445 (23%), үшінші (мамандар) – 9 632 (50%) және төртінші (білікті) жұмысшылар) – 1818 (9%), маусымдық жұмыстарға 767 (4%), корпоративті ауыстыруға 1 744 адам (9%) тартылды.

Шетелдік жұмыс күшін тартқан жұмыс берушілер саны 2040 адамды құрайды, оларда 508 755 қазақстандық азамат жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96,3%-ын құрайды.

Шетелдіктердің басым бөлігі құрылыс саласында жұмыс істейді – 8623 адам (45%). Тау-кен өнеркәсібінде 2 213 (12%), ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында – 55 (0,3%), кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметте 1 557 (8%), өңдеу өнеркәсібінде – 1 397 (7%) шетелдік жұмыс істейді.

Еңбекші мигранттарының негізгі шығу елдері: Қытай – 4 524 адам (24%), Өзбекстан – 781 (4%), Түркия – 1 964 (10%), Үндістан – 1 893 (10%), Ұлыбритания – 1 368 (7%) болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Үкіметі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейді. 2019 жылға арналған квота жұмыс күшінің санына қатысты 0,54% немесе 48,7 мың бірлік мөлшерінде бекітілді. 2020 жылға – 29,3 мың бірлік немесе 0,32%.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды