- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 19 мыңнан астам шетелдік қызмет етіп жүр
Қазақстанда 19 мыңнан астам шетелдік қызмет етіп жүр
2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында 19 137 шетелдік азамат еңбек етіп жүр, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Олардың ішінде бірінші санат бойынша (басшылар және олардың орынбасарлары) 753 адам (4%), екінші санат бойынша (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) – 4 364 (23%), үшінші санат бойынша (мамандар) – 9 613 (50%), төртінші санат бойынша (білікті жұмысшылар) – 1 749 (9%), маусымдық жұмыстарда – 926 (5%), корпоративтік ауыстыру шеңберінде 1 732 адам (9%) тартылды.
Шетелдік жұмыс күшін тартқан жұмыс берушілердің саны – 2 021, оларда 479 342 қазақстандық азамат жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ын құрайды.
Шетелдіктердің басым бөлігі құрылыс саласында – 8 582 адам (45%) жұмыс істейді. Тау-кен өнеркәсібінде 2 228 адам (12%), өңдеу өнеркәсібінде – 1 586 (8%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте 1 397 шетелдік (7%) жұмыс істейді.
Еңбекші мигранттардың негізгі шығу елдері: Қытай – 5 266 адам (28%), Түркия – 1 935 (10%), Үндістан – 1 896 (10%), Ұлыбритания – 1 434 (8%), Өзбекстан – 965 (5%) болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Үкіметі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тарту квотасын белгілейді. 2020 жылға арналған квота жұмыс күшінің санына қатысты 0,32% немесе 29,3 мың бірлік мөлшерінде бекітілді.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді