• Басты
  • Қазақстанда 100 автогаз құю станциясы салынады
25 Қыркүйек, 2019 11:28

Қазақстанда 100 автогаз құю станциясы салынады


«QazAvtoJol» ҰК» АҚ қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Түркістан, Шымкент және Тараз өңірлерінің әкімдігі, шағын, орта және ірі бизнес субъектілерімен жиын өткізді, деп хабарлады Strategy2050.kz.
Қазақстанда 100 автогаз құю станциясы салынады

Кездесулердің барысында сервис нысандарын дамыту, оларды Ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкестендіру, жол бойындағы кешендерге жер бөлу, қажетті коммуникацияларды өткізу және «ҚазТрансГаз» АҚ-мен бірлесіп жол бойында газ құю бекеттерін салу мәселелері талқыланды. 

Қазіргі таңда Түркістан облысындағы  жол бойында қызмет көрсететін 158 нысанының тек 32%, ал Жамбыл облысы бойынша 61 нысанның 41 % Ұлттық стандарттарға сәйкес.

Жоспар бойынша ҚР-ның газ тартылған өңірлерінде 100 (жүз) автогаз толтыру компрессорлық станциясының құрылысы көзделген. Оның жанында кемпинг, қонақ үй, сауда орындарын, техникалық қызмет көрсету стансасын, автокөліктерді жуу орындарын, заманауи дәретханаларды, жеңіл және жүк автокөліктеріне арналған тұрақтарды орнатады. Сонымен қатар, дизельді отынды газға ауыстыру арқылы көлік шығындары азайып, экологиялық таза метан есебінен атмосфераға тигізетін зиянның көрсеткіші төмендейді.

Жиынның нәтижесі бойынша, өңір басшылығына жол бойындағы сервистердің қазіргі жағдайын жақсарту, ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру тапсырылды. 

 Еске салсақ, «QazAvtoJol» ҰК» АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ-ы Қазақстан Республикасында табиғи газды мотор отыны ретінде пайдаланудың өндіру-өткізу инфрақұрылымын дамыту мәселесі бойынша меморандумға қол қойған болатын. 

Меморандумның мәні – тараптар бірлескен жобалардың, оның ішінде халықаралық «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының қазақстандық учаскесінде және республикалық маңыздағы автожолдарда көлікке газ құю бекеттері бар жол бойындағы сервистердің құрылысын жүзеге асыру туралы серіктестік.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды