• Басты
  • Қазақстанда 10 млн тоннадан астам астық бар – С.Омаров
16 Наурыз, 2020 15:11

Қазақстанда 10 млн тоннадан астам астық бар – С.Омаров

ҚР Парламенті Мәжілісінде Үкімет сағаты барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров депутаттарға 2019 жылы аграрлық саланы дамытудың негізгі қорытындылары туралы баяндады.
Қазақстанда 10 млн тоннадан астам астық бар – С.Омаров

Баяндамада ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылы 0,9%-ға өсіп, 5,2 трлн. теңгені құраған. Бұл ретте мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 4%-ға арттып, ал өсімдік шаруашылығында қолайсыз ауа райына байланысты 1,7%-ға төмендеді.

Ауыл шаруашылығында инвестиция 41%-ға артып, 501,6 млрд теңгені құрады.

АӨК өнімінің экспорты 6,4%-ға артып, 3,3 млрд АҚШ долларын құрады.

Егін жинау қорытындысы бойынша 17,4 млн тонна астық жиналды, бұл 2018 жылға қарағанда 14%-ға аз.

Бүгінде Қазақстанда 10,2 млн тонна астық бар, оның ішінде 8 млн тонна бидай. Сонымен қатар, 1 шілдеге дейін астықты ішкі тұтыну шамамен 5,8 млн тоннаны, оның ішінде бидай – 3,8 млн тонна. Сондықтан экспорттық әлеует 3,1 млн тонна астық болса, оның ішінде бидай – 2,7 млн тонна. Өтпелі қалдық шамамен 1,3 млн тонна.

«Осылайша, елдегі бар «астық» - халықты қамтамасыз етуге, тұқымдық және жемдік қорларды қалыптастыру үшін жеткілікті. Сонымен қатар, Азық-түлік келісім шарт корпорациясы 604 мың тонна көрсеткішінен төмендемейтін астық қорын жинады. Жалпы, өсімдік шаруашылығында егіс алқаптарын әртараптандыру үшін жүргізіліп жатқан саясат оң нәтижесін беруде» - деді Сапархан Омаров.

9 жыл ішінде жүргізілген жұмыс нәтижесінде майлы дақылдардың өндірісі 1,6 есеге артып, 3 млн тоннаны құраған. Көкөніс-бақша дақылдарын жиым-терімі 33%-ға (260 мың тоннадан астам), картоп – 4,7%-ға (193 мың тонна) өсті.

Министрдің айтуынша, етті мал шаруашылығында да өсім байқалуда. Өткен жылы ет өндірісі 5,8%-ға артып, 1,1 млн тоннаны құрады.

Ет өндірісінің өсуі – ауыл шаруашылығы жануарлары санының өсуімен байланысты. Соңғы 5 жылда ірі қара мал басы 7,4 млн (23,3%-ға) басқа дейін өсіп, ал ұсақ мал басы 19,1 млн. (+6,6%) басты, жылқы – 2,8 млн. (+ 45,8%).  басты құрады. Бұл ретте, саланың құрылымы айтарлықтай өзгерді, мысалы 2014 жылы ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі қара мал басының үлесі 35%–ды құраса, қазір 45%-ға жуық.

Еліміз етпен қамтамасыз ету 85%-ға қамтамасыз етілген. Бұл ретте сиыр, қой, жылқы және шошқа еті бойынша импорт үлесі – 5%-дан аспайды. Шетелдік ет тек мұздатылған түрде алып келінеді және ет өңдеу өнеркәсібінжде қолданылады. 

Қазақстанда құс еті бойынша импортқа тәуелділік бар. Ішкі тұтынудағы импорт үлесі 44,7%-ды құрайды. Құс шаруашылығында ет бағытын дамыту үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2024 жылға қарай отандық құс етімен 100% қамтамасыз ету деңгейіне шығу үшін ынталандыру шараларын қабылдауда.

Сондай-ақ, министр жекелеген фермерлік қоғамдастықтарды толғандыратын АӨК-ні субсидиялау ережелеріндегі өзгерістерге тоқталды.


Сапархан Омаров барлық өзгерістер 2017-2021 жылдарға арналған АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтті. Бұл құжатта бастапқыда 2019 жылдан бастап өсімдік шаруашылығында, 2020 жылдан бастап мал шаруашылығында ерекше субсидияларды тоқтату көзделгенін айта кету керек.

Бұдан былай өсімдік шаруашылығында тұқымдардың, тыңайтқыштардың, өсімдіктерді қорғау құралдарының құнын арзандатуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының паркін жаңартуға, АӨК саласындағы жаңа кәсіпорындарды жаңғыртуға және құруға, оның ішінде импортты алмастыру мәселесін шешуге бағытталған инвестсубсидияларды арттыруға көмектесетін «базалық» субсидиялар басымдыққа ие болады.

Сондай-ақ, министр ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу секторын дамытуға бағытталған шаралар туралы хабарлады. Қайта өңдеушілерді «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында қолжетімді айналым қаражатымен қамтамасыз ету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірушілеріне шикізатты қайта өңдеуге тапсыру түрінде ынталандыру субсидиялары кіреді.

Сонымен қатар, Сапархан Омаров мектеп, балабақша, аурухана, әскер және басқа да мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарға «отандық өнімді» алуға талап қою жоспары барын мәлімдеді.

«Отандық өндірушілерді қолдау және дұрыс тамақтану мен салауатты ұлт қалыптастыру үшін «Мектеп алмасы», «Мектеп сүті», «Мектеп балы» сияқты бағдарламаларды енгізу қажет», - деп толықтырды ҚР Ауыл шаруашылығы министрі.


Барлық жаңалықтар
18.213.192.104, 192.168.88.100