- Басты
- Қазақстан-Қытай: ЕҰУ-де фотокөрме ашылды
Қазақстан-Қытай: ЕҰУ-де фотокөрме ашылды
ҚР Еуразия Ұлттық университетінде «Жетістіктің 70 жылдығы»: ҚХР құрылғанына 70 жыл толуына арналған фотокөрменің салтанатты ашылуы өтті,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Бүгінде Қытай – бейбітшілік, даму, серіктестік және тиімділік тұжырымын ұстанатын мемлекет. Ол үнемі әлемнің дамуына ақылы мен күшін қосып, түрлі халықтар мен адамзаттың бірыңғай тағдыры қауымдастығын түзіп, керемет болашақ құруға ат салысады.
«Жетістіктің 70 жылы» көрмесіне келушілер жарқын фотосуреттер арқылы Қытай халқының өткен 70 жылдықтағы тамаша өмір үшін күресі мен ұлы мұраттар, Қытайға тән жаңа дәуір социализмін құру және оның сәтті тәжірибесіне куә бола алады. Бұл фотокөрменің мақсаты – уақыт ағынындағы түрлі халықтардың өткенін, бүгіні және болашағын көрсету.
ҚХР 70 жылдығына орай елде және шет елдерде түрлі шара өтті. Айрықша көрмені Қазақстанның 5 қаласы: Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент және Павлодардың тұрғындары мен қонақтары тамашалай алады.
«Мен үшін осыншалықты беделді және құрметті аудиторияның алдында сөз сөйлеу үлкен мәртебе. Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының бірі. Ол елдің сыртында да аса танымалдылыққа ие. Бұл менің ЕҰУ-ға келіп тұрған екінші сапарым. Мен университеттің ғылыми-ағартушылық атмосферасы мен студенттермен қалыптастырылған жұмысқа дән ризамын. Сонымен қатар, бас корпустың сәулеті адамдарды таң қалдырмай қоймайды», - деді Қытай елшісі Чжан Сяо.
Сондай-ақ, елші айтып өткендей, Қазақстандағы қызметі барысында ол бірнеше ЖОО-ның ректорларымен кездесу өткізген.
«Алайда, Ерлан Батташевич ерекше кәсібилік пен мақсаттылық, бастамашылық пен жасампаздықпен ерекшеленеді. Университет көптеген Қытай оқу орындарымен байланыс құратынын білемін. Бұл екі жаққа да пайда әкеледі. Университет базасында 5-ші жыл қатарынан Конфуций институты жұмыс істейді. Сіздерге Қытай елшілігі мен өзімнің атынан алғыс айтамын», - деді ол.
Айта кетейік, Қытай құрылған 70 жыл ішінде халықтың бірлігі, экономиканың өсуі, өнеркәсіптің қарқынды дамуы және басқа да жетістіктермен ерекшеленді.
1949 жылы 1 қазанда Пекиннің орталығындағы Тяньаньмэнь алаңында 5 жұлдызы бар қызыл ту көкке көтерді. 1978 жылы өткен Қытай коммунистік партиясы орталық комитетінің 3-ші пленумы 11-ші шақырымы елдегі реформалар мен ашықтық бойынша тарихи үрдістің басы болды.
2012 жылы өткен ҚКП 18 съезінде Си Цзиньпин айтқан Қытайға тән жаңа дәуір социализмі туралы ойы саяси реформа өткізіп, ашықтыққа қол жеткізуге, көптеген тарихи жетістікке жеткізген саяси модернизацияны жүзеге асыруға негіз болды.
Айта кетейік, көрме 11 қарашадан 17-сіне дейін жалғасады.
Аягөз Құрмаш
-
Елордада «Туған өлкем» көрмесi ашылды
-
Елордада белгілі суретші Қазақбай Әжібекұлының жеке көрмесі ашылды
-
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды
-
Құтқарушылар күні: Елордада жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
-
Жасотандықтардың жаңа бағдарламасында қандай жаңашылдық бар
-
Денсаулық сақтау саласындағы жаңашылдықтар
-
Жыл басынан бері Қазақстанда 229 жаңа кәсіпорын ашылды
-
ФОТО: Нұр-сұлтан қаласында тәулігіне 180 000 дана медициналық бетперде шығаратын өнеркәсіп ашылды
-
Түркістанда халықаралық туризм университеті ашылды
-
Шымкентте кәсіпкерлерге жаңа форматта қызмет көрсететін кеңсе ашылды
-
Жамбыл облысында үш әмбебап спорт алаңы ашылды
-
Қазақстанда волонтерларды қолдау орталықтары ашылды
-
Елорда мен тағы бірқатар аймақта заңды тұлғаларға арналған ХҚО ашылды
-
Петропавлда заңды тұлғалар үшін ХҚО ашылды
-
Президенттік қолдау: Талдықорғанда тәулігіне 30 мыңға жуық медициналық маска тігетін цех ашылды

