• Басты
  • Қазақстан Қытайға бірқатар тауарларды экспорттауға мүмкіндік алды
16 Қыркүйек, 2019 17:00

Қазақстан Қытайға бірқатар тауарларды экспорттауға мүмкіндік алды

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапарында қол жеткізілген келісім аясында қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірушілері Қытайға бірқатар өнімдерін экспорттауға мүмкіндік алды.
Қазақстан Қытайға бірқатар тауарларды экспорттауға мүмкіндік алды | Strategy2050.kz

Айта кетейік мемлекет басшысының сапары аясында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров және Қытай Халық Республикасының Бас кеден әкімшілігінің министрі Ни Юэфэн сүт өнімдерін, жүнді экспортқа шығаруға ветеринарлық-санитарлық талаптар туралы және зығырға фитосанитарлық талаптар туралы хаттамаға қол қойған болатын.

ҚР АШМ мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов аталмыш өнімдердің осы жылы экспортталатынын айта келе, 100 тоннаға дейін құрғақ түйе сүті Қытайға экспортталатынын жеткізді.


«Бірінші кезеңде Қытайға экспортқа 30 мың тонна құрғақ түйе сүті жіберіледі. Жалпы жылына 100 мың тонна түйе сүтінің ұнтағын өндіруді жоспарлап отырмыз. Көлемі жеткізілімнің дұрыс ұйымдастырылуына байланысты. Қазіргі таңда ветеринарлық сапа сәйкестігі туралы сертификатқа қол қойылғандығы үлкен жетістік болып саналады», - деді Еркебұлан Ахметов.

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің басқарма басшысы Азамат Забековтің айтуынша, қытайлықтар бірегей өнім үшін жоғары баға төлеуге дайын.

«2018 жылы Түркістанда іске қосылған түйе сүтін қайта өңдейтін зауыттың қуаттылығы – күніне 100 тоннаға дейінгі өнім өндіре алады. Аталмыш жобаның түйе шаруашылығы мен жылқы шаруашылығын дамытуда маңызы өте зор. Осы жылы түйе сүтін өңдеп, кептіріп, қытай нарығына экспортқа шығару жоспарланып отырғандықтан Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының түйе сүтін өндірушілерінің басы біріктіріледі. Болашақта Маңғыстау облысындағы түйе шаруашылығымен айналысатын шаруаларды да бұл іске жұмылдыруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ батыста сүтті құрғататын жеке цех ашатын боламыз», - деді Азамат Забеков.

Нарықтағы "Saumal" брендін өндіретін «Евразия Инвест» ЖШС өкілі Меруерт Рахымбердиева бұл ең алдымен жергілікті фермерлер үшін үлкен жетістік екенін айтты.

«Мәселен, түйе сүті жақын және алыс шетелде танымал болып келеді. Қазіргі уақытта қазақстандық «Saumal» атты құрғақ түйе сүті Ресейге, Беларуссияға экспортталады. Жақын арада Гонконгқа да жеткізіледі. Сонымен қатар Amazon сайты арқылы АҚШ және басқа елдерден тұтынушылар тапсырыс беруге болады. Түйе сүті ұнтақ түрінде экспортқа шығарылады. Барлық технологиялық құрылымы қазірдің өзінде жасақталып қойған. Сонымен бірге жергілікті бренд те құрылған еді. Оның бағасы жарты келі үшін 23500 теңгені құрайды. Алты ай бұрын біз түйе сүтін шығаруды қолға алдық және оны көбейтуді жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге, оның бағасы құрғақ түйе сүтімен бірдей болмақ. Бізге түйе сүтін өткізуге қызығушылық танытқан фермерлерден ұсыныстар келуде. Біздің фермерлер үшін қосымша табыс көзі болмақ Қазіргі уақытта біздің зауыттың қуаттылығы күніне 100 тонна сұйық немесе 10 тонна құрғақ түйе сүтін өндіре алады», - деді ол.


Қазақстандық ауыл шаруашылық өнімдері Қытайда жоғары сапалы, экологиялық таза және табиғи болып есептелінеді. Осы жылы Қазақстан Қытайға жеткізілетін өнімнің 17 түріне қойылатын талаптар туралы келісті. 2019 жылдың қыркүйек айының аяғында үйлестіруді аяқтап, ҚХР-ға қазақстандық шошқа еті мен мал азығын экспорттау туралы хаттамаға қол қойылады деп күтілуде.

Айдана Абдрахманова

Фото : foodindustry.kz


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды