- Басты
- Қазақстан теңіз порттарындағы жүк айналымы 5 млн. тоннадан асты
Қазақстан теңіз порттарындағы жүк айналымы 5 млн. тоннадан асты

Түрлі тоннаждағы кемелерге қызмет көрсететін Ақтау, Баутино және Құрық теңіз порттары – ел экономикасын одан әрі дамытуға мүмкіндігі мол дамушы теңіз порттары. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан Республикасының порттарының теңіз әкімшілігі» республикалық мемлекеттік мекемесі – Ақтау, Құрық және Баутино теңіз порттарының акваториясында теңіз кемелерін пайдалану саласындағы бақылау-қадағалау және іске асыру функцияларын іске асыратын аумақтық бөлімше. 2019 жылдың қортындысында олардың жалпы жүк айналымы 5 млн. тоннадан асты.
Порттардың теңіз әкімшілігі инспекторлары кемелерді теңізге шығар алдында тексеруді ҚР ратификациялаған халықаралық конвенцияға, сондай-ақ қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырады. 2019 жылдың басынан порттардың теңіз әкімшілігі инспекторлары 3 портта 4174 кеме кірісін рәсімдеді. Теңізге шығар алдында 340 кеме қаралып, 11 теңіз кемесіне теңізге шығуға рұқсат берілмеді. Әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны үшін 56 әкімшілік іс қозғалды.
Кемелерді тексеру барысында кеме құжаттары, тіркеу құжаттары, кеменің қолданыстағы куәліктері, кеме экипажының дипломдары мен куәліктері, апаттық құтқару және өрт сөндіру құралдары, навигациялық және механикалық жабдықтар, машина бөлімшесі, кеме корпусы, жүк маркасы, тасымалданатын жүктің құжаттары тексеріледі.
Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі құрылған сәттен бастап теңізшінің жеке куәлігі мен теңізде жүзу кітапшасын беріле бастады. Ол қазақстандық теңізшілерге бүкіл әлемде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар 2020 жылдан бастап теңізшінің кәсіби дипломы беріледі.
-
Сенат отырысы: Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа Заң қабылданды
-
Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды
-
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды
-
COVID-19: Қазақстанда вакцина қашаннан бастап егiледi, кiмдер тегiн ала алады
-
Қазақстан өңірлеріндегі эпидахуал: Вирус жұқтыру көрсеткіші өсті
-
Қазақстанға келген шетел азаматтарына пандемияға байланысты қандай жеңілдік қарастырылды
-
Қазақстан халық партиясы депутаттар тізімін жариялады
-
Әлеуметтiк-экономикалық даму-2020: Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі, сауда айналымы және инвестиция
-
«Таза сайлау» ұйымы: Сайлауда Қазақстан бойынша 500 заңбұзушылық тіркелді
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
Пандемия жағдайында сайлау мінсіз ұйымдастырылған – Франциялық бақылаушылар
-
Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті – итальяндық бақылаушылар
-
Қазақстан халқы сайлауға белсенді қатысып жатыр - Эстониядан келген бақылаушылар
-
Қазақстанда Балық шаруашылығы комитеті құрылды
-
М.Тілеуберді: «Пандемияға қарамастан, Қазақстан сыртқы саясатының негіздері өзгеріссіз қалады»

