• Басты
  • Қазақстан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңды қатайтады
24 Маусым, 2020 19:34

Қазақстан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңды қатайтады

Біріккен ұлттар ұйымының мәліметінше, жыл сайын Қазақстанда 400-ден астам әйел отбасылық зорлық зомбылықтың құрбаны болады. Мәселенің осындай тереңдігін ескере келе бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Отбасындағы зорлық-зомбылық» тақырыбын онлайн талқылады.


Қазақстан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңды қатайтады

Жиынға депуттар, қоғам белсенділері, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Басты мәселе тұрмыстық зорлық-зомбылық (ұрып-соғу қылмысы) үшін жазаны қатаңдату, қылмыстың алдын алу және дағдарыс орталықтарының желісін кеңейту сынды ұсыныстар айтылды.

Бас прокуратураның құқықтық статистика комитетінің мәліметінше отбасылық зорлық-зомбылық бойынша құқық бұзушылықтар саны жыл сайын өсіп жатыр. Бұл жөнінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бірқатар мәліметтер келтірді.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша елімізде 2017 жылы 446 іс қозғалған, 2018 жылы 919 іс, ал 2019 жылы мыңнан асты. Осы жылғы карантин шараларына байланысты отбасылық құқық бұзушылық шамамен 20 пайызға өскені болжанып отыр. Алайда әлеуметтік желіден, бұқаралық ақпарат құралдарынан күн сайын отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдердің оқиғаларын көріп жатамыз. Көбіне оның аяғы трагедиямен аяқталады. Аталмыш мәселелер қоғамдық резонанс тудырып, осыған қатысты құқық нормаларды қайта қарауды еске салып жатады. Соңында балалар зардап шегіп, анасыз, жетім қалады. Осы мәселелерді мемлекет жүйелі түрде шешуді қолға алды. Карантин шаралары басталғалы отбасындағы бұзақыдан зардап шегушілерді қорғау үшін 37 мыңға тарта қорғау ұйғарымы шығарылып, құқық бұзушыларға қатысты 5 мыңнан астам арнайы талап бекітілді. Алайда, тек құқықтық шаралар жеткіліксіз, яғни, жүйелі қоғамдық жұмыс керек. Бұл тұрғыда ҮЕҰ-ның, сарапшылық қоғамдастықтың, кәсіби психологтердің көмегі керек», - деді министр Аида Балаева.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев карантин кезінде отбасылық қатынастарда құқыққа қайшы әрекеттер үшін 7,5 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын жеткізді.

«Отбасында құқық бұзғандардың жартысына жуығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді М. Баймұқашев тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес тақырыбына арналған онлайн режимдегі дөңгелек үстелде.

Зорлық-зомбылыққа қарсы «Не молчи» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі биліктен әйелдерді құқықтық көмекпен қамтамасыз етуді сұрады. Ол 2020 жылдың алғашқы 4 айында зорлық-зомбылыққа ұшыраған 46 901 адам полицияға жүгінгенін айтты.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесінде біздің заң осал. Көп жағдайда әйелдер арызын қайтарып алуға мәжбүр болады. Себебі агрессор 3 сағаттық профилактикалық әңгімеден кейін үйіне қайтарылып, отбасына, әйеліне тағы да қауіп төндіреді. Құқық қорғау қызметі агрессорды бірден тұтқындауы қажет. Ал, бізде бұзақы бірден тұтқындалмайды. Әйел бала-шағасымен Дағдарыс орталығын паналап жүреді. Көбінің барар жері болмайды. Болған күннің өзінде агрессордың шабуылына ұшырауы мүмкін. Құқықтық шарпаларды қатайтығыздар. Қорымызға хабарласатын әйелдер де ең алдымен құқықтық көмек сұрап, құқықтық сауатсыздық туындап жатады. Оның кесірінен халық өзін сотта қорғай алмай жатады. ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше 2020 жылдың алғашқы 4 айында 46 901 адам полицияға шағымданып, сотқа 8 мың іс қана жетіпті. 4 мыңы отбасы бұзақысымен келісімге келген. Бұған қарап зорлықшылардың 10 пайызы ғана жауапқа тартылатынын білуге болады», - деді Дина Таңсәрі.

Сондай-ақ қоғамдық белсенді Дағдарыс орталықтарына көңілі толмсайтындығын жеткізді.

«Дағдарыс орталықтарының жұмысына көңілім толмайды. Көмек сұрап келген әйелдер мұнда қатаң тәртіпке, казармалық өмірге кезігеді. Көмек орталығы емес, әйелдер колониясы немесе режимдік нысан сияқты. Әйелдердің өздері де өзара солай атайды. Алайда олардың басқа барар жері жоқ. Біздің заң бұл мәселеде осал, агрессорды үйінен қуып шығуға мүмкіндік бермейді. Полицияның профилактикалық әңгімесінен кейін зәбір көрсетуші ортақ баспанада әйелі мен балаларына зәбір көрсетуін жалғастыра береді. Мемлекет көмектескісі келсе, теңдей құқықпен қамтамасыз етуі тиіс. Керісінше, бұл тұста жәбірленуші мен балалар жазаланып жүр. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, сіз өз үйіңіз, өз төсегіңіз, өз әдеттеріңіз бола тұра, Дағдарыс орталығына барып, 10 адаммен бір бөлмеде тұрып, күн тәртібімен оянып, дайындап берген тамақты ғана жеуге келісесіздер ме? Неге зәбір көрсетушінің үйде қалуына рұқсат? Неге әйел үйінен кетуі керек? Орталықтағы ережеге келіспегендіктен әйелдер күйеуіне қайта оралуға мәжбүр болады. Қорғаныс бұйрығын бұзғандарды қылмыстық жауапқа тарту керек», - деді қоғам белсендісі.

Қоғам белсендісі Қазақстанда қорғаныс бұйрығының заңдық күші жоқ екенін айтады.

«Әйеліне жәбір көрсетуші полиция бөлімінде профилактикалық жұмыс жүргізілді деген бір жапырақ қағазға қол қояды. Алайда онымен ешкім профилактикалық жұмыс жүргізбейді. Бұл тек – шартты нәрселер. Мұндай құжатты америкалық ер адам бұзбауға тырысады. Себебі келесіде ол заң бұзған жағдайда кем дегенде 5 жылға дейін абақтыға қамалады. Ал біздікілер үшін бұл жай ғана қағаз. Соңғы 4 айда полиция берген 30 мыңнан астам қорғаныс бұйрығы ештеңе шешпейді. Ешқандай зорлықты тоқтатуға күші жоқ. Сондықтан біздің елде зорлықпен күрес және құрбандарға көмек жұмыстарын қадағалайтын үйлестіру орталығы керек-ақ», - деді Дина Таңсәрі.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды