• Басты
  • Қазақстан Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға әзір
1 Қазан, 2019 08:52

Қазақстан Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға әзір


Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорктегі БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясына қатысуына байланысты БҰҰ-ның Қазақстандағы миссиясы туралы баспасөз конференциясы өтті. Жиында алғаш боп сөз алған БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура еліміздің Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға әзір екендігін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Қазақстан Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға әзір

«БҰҰ-ның Қазақстандағы жүйесі Қазақстанның ЭЫДҰ стандарттарына қол жеткізу арқылы әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуға деген талпынысын қолдайды. Тұрақты Даму Мақсаттары (ТДМ) Қазақстанның " Стратегия 2050" секілді реформаларын тиімді жүзеге асыруға көмекші құрал болмақ. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы да орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған»,- деді Норимаса Шимомура.

Бұдан бөлек, Тоқаевтың БҰҰ-ның сессиясында көтерген мәселелерінің маңыздылығына тоқталып, ризашылығын білдірді. Атап айтқанда, ол Президенттің елімізде БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары жөніндегі аймақаралық орталық құруды ұсынғанын атап өтті.

Сонымен қатар, баспасөз мәслихатына қатысқан Қазақстан Республикасындағы "БҰҰ-әйелдер" құрылымының өкілі Илейн Конкиевич еліміздегі гендерлік теңдік, әйелдер құқығы жайлы сөз қозғады.

«Біз "2020 жылы "Бейжің декларациясы мен Іс-әрекет платформасының" 25 жылдығын атап өтеміз. Онда көтерілетін проблемалар жаһандық күн тәртібінде тұрған мәселе. Қазақстанда бұл бағытта шешуді талап ететін жайттар көп. Әріптестерімнен естуім бойынша, қазіргі таңда Қазақстанда әйелдер мен қыздарға қарсы зорлық-зомбылық мәселесі үлкен проблема болып тұр. Осы орайда, біз БҰҰ-дағы әйелдер ұйымы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 қыркүйектегі жолдауында әйелдер мен балаларды зорлау және педофилияға қарсы  қылмыстық жазаны қатаңдатуды тапсырғанын қуаттаймыз»- деді ол.

Сондай-ақ, ол Қазақстан үкіметі тарапынан халықаралық деңгейде жасалған жұмыстарға оң баға беріп, соның ішінде еліміздің әйелдерге қарсы дискриминацияның барлық түрін жою туралы конвенцияны қабылдауы да қуантарлық жайт екенін атап өтті.

Айта кетейік, бұдан басқа аталған жиынға БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрғын халық саласындағы қорының өкілі, Қырғызстандағы және Түрікменстандағы елдік директор Джулия Валезе, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Тұрақты Өкілі Якуп Бериш, Казақстан Республикасындағы "БҰҰ-балалар" қорының өкілі Артур ван Дузен қатысып, еліміздегі балалар құқығы, жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу секілді мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітті.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды