- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан әскерінде жаңа оқу жылы басталды
Қазақстан әскерінде жаңа оқу жылы басталды
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде жаңа оқу жылының басталуына орай жеке құрамның салтанатты сапқа тұруы өтті. Жаңа кезең «Қуатты армия - Ел тірегі!» ұранымен басталды.
Әскердегі алғашғы сабақ қазақстандық әскердің өткен жылдағы жетістіктері мен қорытындысы, сонымен қатар жаңа тапсырмаларды айқындайтын мемлекеттік-құқықтық даярлықтан басталды. Жалпы 2020 жылдағы басым тапсырмалар әскерлерді жоғарғы жауынгерлік даярлыққа келтіруге, жеке құрамның жауынгерлік дайындығы мен далалық машығын жетілдіруге, бітімгерлік қызметті қамтамасыз етуге, сондай-ақ әскери қызметшінің мәртебесін арттыру мен әлеуметтік сұрақтардың түйінін табуға баса назар аударылады.
Жауынгерлік даярлық мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді және алдыңғы оқу кезеңінде қол жеткізілген жауынгерлік оқу нәтижелерін ескере отырып жоспарланған.
Айта кетсек, 2019 жылы қазақстандық әскердің жеке құрамы 109 жедел және 50 000-нан аса жауынгерлік даярлық шараларына жұмылдырылды. 3 700-ден астам жауынгерлік ату мен тактикалық оқу-жаттығулар өтті. Оның 1 500-і түнде жүргізілді.
Әскерде бір жыл көлемінде 60 000-нан астам әскер тектері мен арнайы әскери мамандар дайындалды. Армияны техникалық жабдықтау аясында 2019 жылы жауынгерлік дөңгелекті машина, ұшақсыз ұшу аппараты кешені, 400-ден аса автомобильді және арнайы техника алынды. Жоспарлы түрде күрделі жөндеу жұмыстары, броньді танкілік және зымыран-артиллериялық қару-жарақтарды жаңғырту жүргізілді. Жұмыстар көбіне қазақстандық кәсіпорындарымен жүзеге асырылды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады