• Басты
  • Қазақстан-Швейцария: Сауда айналымы 1,9 млрд долларды құрады
22 Қараша, 2019 20:26

Қазақстан-Швейцария: Сауда айналымы 1,9 млрд долларды құрады

Қазақстан мен Швейцария арасындағы сауда-саттық айналымы ағымдағы жылдың тоғыз айында 1,9 млрд долларды құрады. Бұл туралы елордада Швейцария Президенті – Федералдық Кеңесші Уели Маурердің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде  ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Хаиров айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Қазақстан-Швейцария: Сауда айналымы 1,9 млрд долларды құрады

"Қазақстан мен Швейцария арасындағы сауда-саттық айналымы 1,9 млрд долларды құрады. 2018 жылы сауда айналымы 3,1 млрд. АҚШ долларын құрады. Ал 2005 жылдан бастап 2019 жылдың бірінші жарты жылдығына дейін швейцарлық инвестицияның көлемі 24,2 млрд долларды құрады. Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында құйылған тікелей инвестиция көлемі 1 млрд долларға жетті. Жалпы Швейцария - өзара сауда-саттық бойынша алғашқы он елдің қатарына кіретін Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі. Біздің мемлекеттеріміз арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуда үлкен әлеует бар. Сондай-ақ атап өту керек, Қазақстан инвестияға құюға қолайлы орта қалыптастырды", - деді Ерлан Хаиров. 

Сонымен қатар оның айтуынша, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одағында болуы жалпы ЖІӨ 2 трлн долларды құрайтын, саны 183,8 млн адам болатын кедендік шекарасыз ауқымды нарықты ұсынады. 

Бұдан бөлек ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов өз баяндамасында оның Берн қаласына Қазақстандық-швейцариялық Үкімет аралық комиссиясының бірлескен 10-отырысына сапары кезінде қазақстандық делегациясының бір қатар жобалар ұсынғанын, оның ішінде Нұр-Сұлтанның қызығушылығын тудырған жобалардың болғанын хабарлады. 

"SUISAG шошқа өсіру компаниясының, Stadler Rail Group, Science industries швейцариялық дәрі-дәрмек өнеркәсібі қауымдастығының, Swissmem швейцариялық механикалық, электротехникалық және метал өңдеуші өнеркәсіптің, Switzerland-Global Enterprise (S-GE) швейцариялық ұйымның ұсыныстары айтарлықтай қызығушылық тудырды. Аталған компаниялардың кейбірі қазіргі уақытта келісімшарттар жасауда. Біз әрбір ұсынысты егжей-тегжейлі пысықтаймыз және оң кейстер санының өсіміне назар қоямыз, - деп хабарлады ҚР Сауда және интеграция министрі. 

Дөңгелек үстелге қатысқан Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов жыл сайын Қазақстан мен Швейцарияның әріптестік, сауда-экономикалық қарым-қатынасы одан әрі дамып келетінін атап өтті. Сондай-ақ оныі айтуынша, қазірдің өзінде 20 швейцар компаниясы Қазақстанмен бірге жұмыс істеуге қызығушылық танытып отыр. 

"Екі елдің әріптестік, сауда-экономикалық қарым-қатынасы одан әрі дамып келеді. Бұл дөңгелек үстел екі елдің актуалды мәселелерін талқыға салып, екіжақты әріптестікті нығайтуға мүмкіндік бермек. Бүгін шфейцарлық 20 компания Қазақстанмен бірге жұмыс істеуге қызығушылық танытып отыр", - деді вице-министр.

Бұдан басқа ол екіжақты қарым-қатынастың маңызды бағыттарының бірі өнеркәсіп саласына тоқталып өтті. Оның айтуынша, машина жасау өндірісі екі ел үшін де өзекті.

"Машина жасау саласы екі мемлекет үшін технологиялық тқрғыда қиындау әрі маңызды саланың бірі. Бүгінгі күні машина жасау өндірісінде 2664 кәсіпорын жұмыс істейді. Онда 64 мыңнан астам адам жұмыс істеуде. Машина жасау өндірісінің көлемі 2010 жылдан бері 3 есеге өсті. 114 жоба іске асты. 2018 жылдың қорытындысы бойнша машина жасау өндірісінің көлемі елімізде алғаш рет 2 млрд 600 млн доллардан асып түсті. Ал ағымдағы жылдың он айы бойынша өндіріс көлемі 2,5 млрд доллардан асты. Қазіргі күні Қазақстанда "General Electrics", "General motors", "Nissan", және  "LG" секілді әлемге танымал компаниялар жұмыс істейді", - деді ол.

Сонымен қатар вице-министр өз баяндамасында Қазақстанда қолайлы инвестициялық орта қалыптасқандығын атап өтіп, швейцариялық компанияларды инвестиция құюға, біргіп жұмыс істеуге шақырды.

"Қазақстан қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру жөнінен әлемдік ұйымдар тарапынан мойындалды. Қазақстан ЭЫДҰ Инвестициялар жөніндегі комитетінің қауымдастырылған мүшесі ретінде қабылданды. Қазақстанда қазіргі уақытта инвестициялық преференциялардың толық пакетін ұсынатын 13 экономикалық зона құрылды. Арнайы экономикалық зоналарда 185 жоба жүзеге асырылуда. Мен швейцарлық компанияларды қолайлы инвестицилық орта қалыптасқан зоналарда  бірігіп жобаларды іске асыруға шақырамын", - деді вице-министр.

Бұдан басқа ол Қазақстан үшін автомобиль жолын салу және жөндеу мәселесі өте өзекті екендігін айтты. Швейцариялық компаниялардың назарын осы салаға бұрды.

"Автомобиль жоладрының дамуына назарларыңызды аударғым келеді. Біз "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламаның екінші этапын жүзеге асырып жатырмыз. Аталған бағдарлама аясында 7000 км халықаралық және республикалық маңызы  бар автомобиль жолы салынады және жөндеуден өткізіледі. Осы орайда халықаралық тәжірибені пайдалану үшін швейцарлық компанияларды автомобиль жолдарын салу және жөндеу үшін бірігіп жұмыс істеуге шақырамын", - деп аяқтады сөзін. 

Сонымен қатар айта кету керек, бүгінгі күні Қазақстанда швейцария капиталының қатысуымен 230-дан астам кәсіпорын табысты жұмыс істеуде. Олардың көбісі өңдеуші және тау-кен өнеркәсібінде, құрылыс, көтерме-бөлшек сауда салаларында, көлік, ақпарат және байланыс секторларында, қаржы және сақтандыру салаларында қызмет көрсетуде.

Сондай-ақ Қазақстанның 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық экспорттық стратегиясына сәйкес, Швейцария ұзақ мерзімді перспективада экспорттық қызығушылық танытатын елдер қатарына кіреді. 

Қазақстандық тарап, Швейцарияда қазақстандық экспортты кеңейтуге және тауар айналымын жарты миллиард долларға ұлғайтуға мүмкіндік беретін 103-ке жуық өңделген тауарлар тізбесін ұсынды. 

Бұдан бөлек айта кету керек Қазақстан-Швейцария дөңгелек үстелі аясында қос тарап 6 құжатқа қол қойды. Олардың қатарында атап айтсақ:
 
"KAZAKHTOURISM" ҰК" АҚ және Swiss Choice HoldingSA компаниясы арасындағы «Қазақстан Республикасындағы қонақ үйлерді сыныптастандырудың ұлттық жүйесін әзірлеу және енгізу» ынтымақтастығы туралы меморандумы;

⦁ AQBURA DEVELOPMENT және SwissChoiceHoldingSA компанияларымен басқару және франшиза шарты;

⦁ «Транстелеком» АҚ және «SICPA» компаниясы арасындағы «Тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесі» ынтымақтастығы туралы меморандумы;

⦁ АХҚО және «BLACKFORT» компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

⦁ АХҚО және «CLARUS CAPITAL» компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумы;

⦁ АХҚО және «HERCULIS» компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумы;

Сонымен қатар еске салайық аталған дөңгелек үстел ҚР Сауда және интеграция министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі және «KAZAKH INVEST-тің» ұйымдастыруымен өтті.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды