- Басты
- Қазақстан саясаты 2030 жылға дейінгі тұрақты даму міндеттемелеріне толықтай сәйкес – Қ.Тоқаев
Қазақстан саясаты 2030 жылға дейінгі тұрақты даму міндеттемелеріне толықтай сәйкес – Қ.Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясы аясында жоспарланған барлық екіжақты кездесулерден кейін Тұрақты даму мәселелері жөнінде жоғары деңгейдегі Форумға қатысты. Мемлекет басшысы шараға қатысушы спикерлер арасынан бірінші болып сөз алды.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз баяндамасында 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттары - адамзатқа әлеуметтік, технологиялық және экономикалық жетістіктердің игілігі баршаға ортақ болатын кемел келешекке жетудің нақты жол картасын ұсыну екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жөнінен артта қалып бара жатқанына алаңдаушылық білдіретінін мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені шешу үшін алдағы он жылдықта тиісті нәтижеге қол жеткізу мақсатында нақты шешім қабылдау қажеттігін айтты.
« Өз елімнің саяси, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық саясатының 2030 жылға дейінгі тұрақты даму міндеттемелеріне толықтай сәйкес келетінін айта аламын. Әлемдік нарықтың әралуандығына қарамастан Қазақстанның экономикасы табанды өсімді сақтап қалады», - деді Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның тұрақты экономикалық өсімге, инклюзивті қоғам құруға, таза экологияны сақтауға және тиімді әрі есеп беретін институттар құруға қол жеткізе алатынына сенім білдірді.
Мемлекет басшысы осы міндеттерді жүзеге асыру аясында, халықтың үніне құлақ асатын мемлекет құру тұжырымдамасының қолға алынғаны туралы айтты. Оның басты міндеті - үкімет пен халық арасындағы диалогты қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы білім жүйесін жаңғыртудың, жасыл және цифрлы экономиканы және қарқынды түрде инфрақұрылымды дамытудың маңыздылығына баса назар аударды. Оның айтуынша, бұл бағыттар жалпы адамзаттың өркендеуі мен экономикалық жетістіктерге жетудің қуатты қозғаушы күші болмақ.
Қазақстан Президенті біздің елдің тәжірибесінде Тұрақты даму мақсаттарының 80% Қазақстанның стратегиялық бағдарламаларында көрсетілгенін атап өтті.
«2018 жылы Қазақстан БҰҰ институттарымен өзара тығыз іс-қимыл жасай отырып, Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін "институционалдық архитектура" енгізді, оның ішінде Басқарушы кеңес те бар. Тұрақты даму мақсаттары жөнінен өткен алғашқы форум 2019 жылғы Астана экономикалық формуының негізгі іс-шарасына айналды. Биыл шілде айында біз алғаш рет ерікті түрде, Қазақстанның жетістіктері мен шешілмеген мәселелері және алдағы он жылдықта жасалуы тиіс мүмкіндіктер бойынша ұлттық шолу жасадық», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Тұрақты даму мақсаттарының, жалпы планетаның келбетін қалыптастыратын өзара байланысын ескерте отырып, жекелеген санаттардың немесе елдердің жетістігіне қанағат тұтып қарап отыруға болмайтынын айтты.
Бұл мәселеде Мемлекет басшысы Қазақстанның Тұрақты даму мақсаттарын аймақтық және халықаралық деңгейде белсенді жүзеге асырып жатқанына тоқталды. Осы орайда, Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар шараны іске асыруды ұсынды.
Мемлекет басшысының айтуынша, біріншіден, Тұрақты даму мақсаттарына бөлінетін қаржы ресурстарының тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету қажет.
Екіншіден, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының шөлейттену, жасыл желекті қалпына келтіру, эрозия, тұздану, сондай-ақ әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін шешуге бағытталған мақсаттарының маңыздылығын атап өтті.
Ол жақын болашақта ИЫҰ-на мүше 57 мемлекеттің барлығы осы бастамаға қосылатынына сенім білдірді. Тағы бір пәрменді шара ретінде Президент Орталық Азия мемлекеттері мен Ауғанстан үшін Тұрақты даму орталығын құруды атап өтті. Оның айтуынша, бұл Тұрақты даму мақсаттарын тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, басқа да Орталық Азия мемлекеттері мен Ауғанстанда жүзеге асыруды жеделдететін еді.
-
Қазақстан экономикасының өсімі 11 айда 4,4% құрады
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылдың қаңтар-қараша айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы қаралды.
13 Желтоқсан 2019, 09:10
-
Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамыту қандай деңгейде
Елордада ҚР Отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының бірінші съезі өтті. Шаранаң тақырыбы Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі:мемлекеттің,бизнестің және үкіметтік емес ұйымдар серіктестігі арқылы ғана өндіріс әлеуетін іске асыруға болатынына арналып отыр,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
11 Желтоқсан 2019, 11:22
-
Биыл Қазақстан мен Қытай бірлескен 16 жобаны жүзеге асырды
Биыл Қазақстан мен Қытай бірлескен 16 жобаны жүзеге асырды,деді ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
11 Желтоқсан 2019, 10:16
-
Қазақстанда адам құқықтарын қорғау қалай жүзеге асырылады
Елордада Құқық қорғаушылардың жаңа буын Коалициясының қызметі таныстырылды. Адам құқықтары күніне орай ұйымдастырылып отырған шарада әйелдерге қатысты тұрмыстық,физикалық зорлық мәселелері де талқыланды,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
10 Желтоқсан 2019, 12:05
-
Р.Дәленов: 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнес үш жылға тексерістен босатылады
2020 жылдың 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнес үш жылға тексерістен бостылады. Бұл туралы елордада "Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: алғашқы нәтижелері" тақырыбында өткен ғылыми-практикалық конференцияда ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
09 Желтоқсан 2019, 13:02
-
Меморгандар арасында байланыстың болмауы мүгедек жандарға тұрақты проблемаға айналды - Н.Төреғалиев
Сенатта мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сапасын жақсарту жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге байланысты жұмыс тобының қорытынды отырысы болды.
09 Желтоқсан 2019, 11:39
-
Қазақстан БҰҰ Даму бағдарламасына сәйкес гендерлік даму деңгейі өте жоғары елдердің қатарында
Қазақстан БҰҰ Даму бағдарламасына сәйкес гендерлік даму деңгейі өте жоғары елдердің қатарына қсылды. Бұл туралы Президент жанындағы әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Ләззат Сүлеймен ұлттық комиссия отырысында айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
06 Желтоқсан 2019, 18:18
-
Қазақстан Кореяға қандай тәжірибе бере алады
Қазақстан Солтүстік Кореяға ядролық қарусыздану бойынша үлгі бола алады. Бұл туралы «Корея түбегінің қосылуы және бейбітшілігі: Қазақстан тәжірибесі» атты семинар барысында Кореяның Қазақстандағы елшісі Ким Дэсик мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
06 Желтоқсан 2019, 11:35
-
Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік талқыланды
Қазақстандық делегацияның Вашингтонға сапары барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның саяси, экономикалық және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комитеттерінің отырыстары өтті.
05 Желтоқсан 2019, 11:35
-
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстандағы көші-қон процестері талқыланды
Елордамызда «Қазақстандағы көші-қон: проблемалар, тенденциялар, перспективалар» атты республикалық дөңгелек үстел өтті, оның барысында адам саудасының алдын алу және адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, сонымен қатар ішкі, сыртқы, этникалық және заңсыз көші-қон мәселелері талқыланды.
05 Желтоқсан 2019, 10:42
-
Германия – Қазақстанның негізгі еуропалық серіктесі – Қ.Тоқаев
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға жоспарлаған ресми сапарының қарсаңында «Немецкая волна» телерадиокомпаниясына сұхбат берді, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің facebook парақшасында.
04 Желтоқсан 2019, 16:08
-
Қазақстанның Елшісі ҚХР Төрағасына сенім грамоталарын тапсырды
Бейжіңде Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге сенім грамоталарын тапсырды.
04 Желтоқсан 2019, 12:18
-
Қазақстан мен Польша арасында жаңа әуе рейстері ашылады
Қазақстандық делегация Польшаның авиациялық билігімен келіссөздер жүргізді.
04 Желтоқсан 2019, 10:30
-
Қазақстан әскерінде жаңа оқу жылы басталды
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде жаңа оқу жылының басталуына орай жеке құрамның салтанатты сапқа тұруы өтті. Жаңа кезең «Қуатты армия - Ел тірегі!» ұранымен басталды.
04 Желтоқсан 2019, 09:13
-
Қазақстан Беларусь авиация биліктерімен келіссөздер жүргізді
Қазақстандық делегация Беларусь Республикасының авиация биліктерімен келіссөздер жүргізді.
03 Желтоқсан 2019, 16:14
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды