• Басты
  • Қазақстан құс еті бойынша ішкі нарық қажеттілігін толығымен қанағаттандыруға мүдделі
23 Қаңтар, 2020 13:41

Қазақстан құс еті бойынша ішкі нарық қажеттілігін толығымен қанағаттандыруға мүдделі

2019 жылы Қазақстанда шамамен 220 000 тонна құс еті өндірілді. Бұл нарықтағы сұраныстың тек 60 пайызын жабады. Қалған қажетті мөлшер Ресей, АҚШ және Украина елдерінен әкелініп жатыр.Осыдан барып өткен жылы импорт шамамен 160 000 тоннаны құрады. Бұл дегеніміз өндірушілер үшін өндіріс көлемін ұлғайтып, нарықтың қажеттілігін толығымен қанағаттандыруда үлкен перспективалар барын көрсетеді. Осы орайда қазақстандық өндірушілер жуық арада құс еті бойынша ішкі нарық қажеттілігін толығымен қанағаттандыратын дәрежеге жететінін мәлімдеп отыр, деп хабарлады Strategy2050.kz ақпарат тілшісі. 

Қазақстан құс еті бойынша ішкі нарық қажеттілігін толығымен қанағаттандыруға мүдделі

Қазақстанда өндіріс көлемін ұлғайтудың орасан зор әлеуеті бар. 2030 жылға қарай біздің еліміз ішкі нарықтың қажеттілігін толығымен өтеп қана қоймай, сонымен қатар Қытай, Орталық Азия және Таяу Шығыс елдері сияқты жақын аймақтарға айтарлықтай көлемде экспорттай алады.

Мал шаруашылығы саласы бойынша сарапшы Серік Толықпаев тауық етін өндіру бойынша әлем мен Қазақстандағы қазіргі ахуал,импортты алмастыру мәселелерін көтерді.

«Қазіргі таңда құс етін өндіретін «Aitas.kz» компаниясының өзіндік стратегиялық көзқарасы бар. Қазақстандағы жергілікті ІҚМ дамуы жайында зерттеді және өзіндік даму жолын қалыптастарды. Қазақстандағы құс етін өндіру бойынша ұзақмерзіімді стратегия да қалыптастырдық», - деді сарапшы С.Толықпаев.

Сондай-ақ, ол стратегиялық жоспар аясында компания өндіріс көлемін 900 мың тоннаға дейін, ал экспорт көлемін 600 мың тоннаға жеткізу көзделіп отырғанын жеткізді.

«Бұл көрсеткіштерді жүзеге асыруда құс өндіру саласындағы екі ірі құс фабрикасы белсенді болмақ. Ол – «Өскемен» құс фабрикасы және «Макинск» құс фабрикасы. Үшіншіден, жоспарланып отырған Алматы не Шымкент өңірінде қуаттылығы 500 тонналық құс фабрикасы да есепке алынады», - деді ол.

Атап өтсек, «Өскемен» құс фабрикасы құс етін өндірушілер бойынша ірі кәсіпорын. 1976 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

«12 үлкен тауық корпусынан, 15 бройлерлік корпустан тұрады. Жылына 29 000 тонна құс етін өндіреді.

Ал, 2018 жылы ашылған Макинск құс фабрикасы әлемдік құс индустриясының жарқын мысалы деп атауға әбден болады.

серик.jpg

«2019 жылы МҚФ және ӨҚФ-де құс етінің өндірісі шамамен 60 000 тоннаны құрады. Алдағы үш-төрт жылда компания өндірісті 150 мың тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта бұған барлық қажетті шарт бар.Компанияның міндеті – Қазақстан халқына қызмет ету, ал миссиясы – көшбасшы экспорттық бағытқа бейімделген вертикальды-интеграциялы маркетингті әрі өндірістік холдинг болу деп біледі», - деді С.Толықпаев.

Ал, компанияның қаржы бойынша вице-президенті Богдан Куртасовтың айтуынша, 2019 жылдың желтоқсанында DBK Private Equity қазақ даму институттары концорциумымен «Aitas Kkz» компаниялар тобының бизнестегі Еуропалық қайта құру және даму банкіне тиесілі үлесін сатып алу бойынша келісімін аяқтаған.

«Компания тобының бизнесті дамытудың жаңа кезеңіне аяқ басуына байланысты ЕҚДБ – ның долларлық инвестицияларын теңгемен қаржыландыруға ауыстыру – біздің бизнестің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, Қазақстандағы бәсекеге қабілеттілікті күшейтуге және жаңа нарықтарға шығу үшін тұрақты негіз жасауға қадам болмақ», - деді Богдан Куртасов.

Айта кетейік, 2030 жылға дейін тұрақты даму бағдарламалары бойынша қаржыландыру көлемі 3 млрд теңгені құрайды.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды