• Басты
  • Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі өзгерді

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі өзгерді

20 Шілде, 2020 19:02

Бүгін, 20 шілде Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Ақорда және ҚР Үкіметінің ресми сайттарында жарияланған ақпаратқа сәйкес бірқатар кадрлық өзгерістер болды.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі болып Бағдат Мүсин тағайындалды. Енді ол - уақытша министрдің міндетін атқарушы.

ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес Жанасова Әсел Жұбанышқызы ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Фото: ашық дереккөз

Барлық жаңалықтар