• Басты
  • Қазақстан орамжапырақты экспорттауға тыйым салған жоқ - АШМ
10 Сәуір, 2020 14:27

Қазақстан орамжапырақты экспорттауға тыйым салған жоқ - АШМ

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі кейбір фермерлердің ресми дереккөздердегі ақпаратпен таныспауына немесе оны дұрыс түсінбеуіне, сондай-ақ әлеуметтік желілерде қате, кейде әдейі жалған ақпараттың таралуына байланысты «ҚР АШМ орамжапырақты алыс және жақын шетелдерге экспорттауды тоқтатуды жоспарламады және тыйым салмады» деп мәлімдеме жасады, деп хабарлады Strategy2050.kz АА. 

Қазақстан орамжапырақты экспорттауға тыйым салған жоқ - АШМ

“Бұл дегеніміз, орамжапырақты экспортауға, соның ішінде Ресей Федерациясының аумағына да экспорттауға рұқсат етілген білдіреді.Алайда, Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты ағымдағы жылдың наурыз айында Мемлекет басшысы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың жетіспеушілігіне жол бермеуді және халықты азық-түліктің жеткілікті көлемімен үздіксіз қамтамасыз ету үшін олардың төмендетілмейтін қорды қамтамасыз етуді тапсырды”, - делінген АШМ хабарламасында. 

Сондықтан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі кейбір азық-түлік тауарларының экспортын реттеу туралы ереже енгізді. Олардың қатарына орамжапырақ, түсті орамжапырақ, жапырақты орамжапырақ, кольраби және басқа да Brassica тектес осыған ұқсас жеуге жарамды көкөністер кірді.

Жалған ақпараттың одан әрі таралмауы үшін ҚР АШМ: орамжапырақты шетелге квота бойынша экспорттауға рұқсат етілгенін ресми хабарлайды. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды