• Басты
  • Қазақстан мен Өзбекстан - сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінде серіктес мемлекеттер
9 Қазан, 2020 16:39

Қазақстан мен Өзбекстан - сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінде серіктес мемлекеттер

Бүгін Қазақстан мен Өзбекстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктері басшылары онлайн кездесіп, екі елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетіне талдау жүргізіп, шаралар жоспарын бекітті, деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Өзбекстан - сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінде серіктес мемлекеттер

Жиын барысында Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Қазақстанның жемқорлыққа қарсы  саясатты тиімді жүргізудегі әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, мемлекеттік басқарудың әр саласы бойынша кешенді және жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, жемқорлықпен күрестегі басты қағида - ашықтық пен айқындық принциптері.

Қазіргі таңдағы Қазақстанның жемқорлыққа қарсы саясатының басымдықтары – мемлекеттік аппаратты ашықтық пен айқындық қағидаттарына, тұтынушыға бағдарланған қызметке толыққанды көшіру арқылы трансформациялау, парасаттылық идеологиясы тұрғысынан ауқымды ағарту, тиімді алдын алу және пәрменді қылмыстық-құқықтық құралдар. Осының барлығын біз күнделікті іске асырудамыз, - деді Алик Жатқанбайұлы.

Өзбекстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының директоры Акмаль Бурханов елдің негізгі халықаралық рейтингтердегі дәйекті өсуімен объективті түрде расталған Қазақстанның жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ілгерілеуін атап өтті. Сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық құқықтық негіздерін қалыптастыру кезінде Қазақстан тарапынан консультациялық және практикалық қолдауға мүдделілігін білдірді. Екі ел арасында жұмыс тәжірибесімен бөлісіп отыруды маңыздылығын да айтып өтті.

Сонымен қатар, Өзбекстандық едомствоның өкілі екі елдегі жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тұжырымдамалық тәсілдерінде ұқсастық пен сәйкестіктің бар екенін айтты.

Өзбекстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жақында ғана құрылды. Соған қарамастан, Өзбекстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы органы тиісті заңнамалық қорды қалыптастыру, елдің әрбір мемлекеттік органында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді және шенеуніктердің кірістерін декларациялау жүйесін енгізу бойынша үдемелі жұмыс жүргізуде. Біз өз жұмысымызда Қазақстанның сыбайлас жемқорлықпен күрес тәжірибелерін, қағидаттарын ескереміз, - деді Акмаль Бурханов.

Кездесу достық жылы шырайда өтті. Тараптар ниет хаттамасымен және алдағы екі жақты сапарлармен бекітілген ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік туралы келісті. Серіктестік туралы құжатқа қол қойылды.

Барлық жаңалықтар