• Басты
  • Өзбекстан мен Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясы Мақтааралдықтарға қаржылай көмек көрсетті
18 Маусым, 2020 15:05

Өзбекстан мен Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясы Мақтааралдықтарға қаржылай көмек көрсетті

Қазақстан мен Өзбекстан Кәсіподақтар Федерациясы Мақтааралдықтарға 66 млн теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Өзбекстан мен Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясы Мақтааралдықтарға қаржылай көмек көрсетті

Мақтаарал ауданына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин және Өзбекстан Республикасы Жизақ облысы кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Нусуратулла Пардаев барды.

Екі жақтың келісімімен Қазақстан Республикасы  Кәсіподақтар федерациясы (ҚРКФ) және Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясы (ӨКФ) тарапынан мамыр айының басында  Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бұзылуы салдарынан болған су тасқынынан зардап шеккен елді мекен  тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсетілді.

Қазақстан және Өзбекстан делегациясы «Өргебас» және Фердоуси ауылдарына барып, су апаты зардаптарын жою барысындағы атқарылған жұмыстардың барысымен және «Достық», «Жеңіс», «Жаңа-тұрмыс» елді мекендеріндегі су тасқыны кесірінен баспанасыз қалған азаматтарға салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.  

Сондай-ақ, екі елдің кәсіподақ төрағалары Мырзакент кентінде жергілікті тұрғындармен  және су апатынан зардап шеккен елді мекендердегі мектеп  басшыларымен кездесті.

ҚРКФ басшысы Аманжолов, Мүсірепов, Фердоуси атындағы орта мектептер мен «Нұрлы жол» елді мекеніндегі білім ұясына  25 ноутбук, 25 парта мен 50 орындық, 2 принтер, бір-бірден мультимедиалық тақта табыс етті.

Сонымен қатар, су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердің 100 тұрғынына ҚРКФ қарасты «Көктем», «Меркі», «Манкент», «Жаңақорған», «Щучинск» шипажайларына жолдама беріліп, ем қабылдауларына мүмкіндік жасалынып отыр.  Тегін жолдамалар зейнеткерлер, мұғалімдер мен көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға да берілді.

Апаттан зардап шеккен ауданның мұғалімдеріне Республикалық білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағы тарапынан да елеулі қолдау көрсетіліп, 365 білім саласы кәсіподақ мүшесіне материалдық көмек ретінде 35 мың теңгеден берілді. ҚР Кәсіподақтар федерациясының мүшелік ұйымдары 50 млн. теңгенің көмегін көрсетті.

Өзбекстан кәсіподақтары жалпы сомасы 16 миллион теңге көлемінде гуманитарлық көмек алып келді. Соның ішінде алғашқы қажеттілік тауарлары,  құрылыс материалдары, төсек-орын жабдықтары мен азық-түліктер бар.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды