• Басты
  • Қазақстан мен Қытай зиянкестерге қарсы күрес бағытында әріптестікті нығайтуда
24 Желтоқсан, 2019 11:17

Қазақстан мен Қытай зиянкестерге қарсы күрес бағытында әріптестікті нығайтуда

ҚХР  Ауыл шаруашылығы министрлігі 2020 жылы Қазақстан Республикасына өсімдік карантині саласында бірлесе қызмет атқару жөнінде келісімге қол қоюды ұсынды.  
Қазақстан мен Қытай зиянкестерге қарсы күрес бағытында әріптестікті нығайтуда

Аталмыш ұсыныс Бейжің қаласында өткен шегірткеге қарсы күрес шараларын ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тобының 9-шы және өсімдіктерді қорғау жөніндегі техникалық реттеу сарапшыларының 7-ші отырысында айтылды. Халықаралық іс-шараға екі ел тарапынан Ауыл шаруашылығы министрліктерінің мамандары қатысты.

Кездесуде қос тараптың мамандары өсімдік ауруларына, шегіртке және басқа да ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы өткізілген іс-шаралар мен алдағы жылға жоспарланған шаралар туралы ақпаратпен алмасты. Сондай-ақ, екі ел арасындағы өзара іс-қимыл әрекеттері мен одан әрі ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.  

Жиын барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының м.а. Алмабек Марс Қазақстанда 2019 жылы шегірткемен күрес жүргізу мақсатында 205,6 мың гектар жердің өңделгені туралы айтты. Сонымен қатар, алдағы 2020 жылы болжам бойынша, аталмыш зиянкестердің жалпы көлемі 553,9 мың гектар жерге дейін таралуы мүмкін екенін жеткізді. 

ҚХР Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдіктерді қорғау департаментінің директоры Чжу Енлин аса қауіпті зиянды организмдермен күресудегі жаңа әдістері туралы айтып, қазіргі уақытта Қытай елінде шегіртке зиянкестеріне қарсы іс-шаралардың келесі маусымына дайындалып жатқанын хабарлады.

Екі ел министрліктері өкілдерінің уақытылы әрі бірлесе өткізген іс-шаралардың арқасында ҚР мен ҚХР шектес аумақтарында аса қауіпті зиянкестердің көші-қонына жол берілмегіні айтылды.

Жиын қорытындысы бойынша, тараптар 2020 жылға арналған мемлекеттердің шекара маңындағы аумақтарында шегірткенің таралуының алдын алу бойынша міндеттерді айқындайтын ынтымақтастық жөніндегі бірлескен хаттамаға қол қойды.

Сондай-ақ, техникалық сарапшылардың өзара пікір алмасуы мен пестицидтерді тіркеу және зиянды организмдермен күрестің биологиялық әдістерін қолдану бойынша тәжірибе алмасу туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Бұдан бөлек, ҚХР тарапы 2020 жылы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының министрліктері арасында өсімдік карантині саласында келісімге қол қою ұсынылды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды