• Басты
  • Қазақстан мен Қытай өзара сыртқы сауданы дамытады
13 Қыркүйек, 2019 09:27

Қазақстан мен Қытай өзара сыртқы сауданы дамытады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт  Тоқаевтың 2019 жылғы 10-12 қыркүйекте Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі 
Бақыт  Сұлтанов  және ҚХР Коммерция министрі Чжун Шань  ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен ҚХР Коммерция министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Қазақстан мен Қытай өзара сыртқы сауданы дамытады

Бұл құжат ішкі және сыртқы сауда, тауарлар мен қызметтер экспорты, кадрлар даярлау және ҚР мен ҚХР іскер топтары арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Қытай Қазақстан үшін дәстүрлі түрде негізгі сыртқы сауда серіктестерінің бірі болып табылады. Өткен жылы Қытаймен сауда айналымының үлесі Қазақстанның жалпы сауда айналымының 12,3%-ын құрады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 11,4%-ға өсіп, 11,7 млрд.АҚШ долл. құрады.

 Ағымдағы жылы біз екі ел арасындағы өзара сауда-саттықтың қарқынды өсіп келе жатқандығын байқап отырмыз. 2019 жылдың жеті айында тауар айналымы 8 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 31,2%-ға жоғары.

 Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және оның жоғары оң динамикасын сақтау үшін жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің номенклатурасын кеңейту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру және іскер топтар арасында тікелей байланыстар орнату туралы келісімге қол жеткізілді. 

Қазақстандық тарап өзара саудада Қытайға  қазақстандық өнімнің экспортын 60 тауар позияциясы бойынша 1,6 млрд. АҚШ долл. ұлғайту арқылы  оң үрдісті нығайтуды ұсынды.



ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды