• Басты
  • Қазақстан мен Қытай басшыларының ұстанымдары өзара ұқсас - Чжан Сяо
27 Қыркүйек, 2019 18:55

Қазақстан мен Қытай басшыларының ұстанымдары өзара ұқсас - Чжан Сяо

ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға Мемлекет басшысы ретінде алғашқы сапары туралы айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тішісі.
Қазақстан мен Қытай басшыларының ұстанымдары өзара ұқсас - Чжан Сяо | Strategy2050.kz
"Бұл сапар тарихи мәнге ие.Сапар ең жоғары дәрежеде өтті. Барлық бағыт бойынша сәтті болды деп айта аламын. Ол имидждік болсын, субстанциялық тараптан болсын оңтайлы көрсеткішке ие. Біздің көшбасшылардың бірден тіл табысқандары таң қалдырды. Себебі, Қасым-Жомарт Тоқаев қытай тілін жетік меңгерген. Сондай-ақ, біздің Мемлекет басшылары ескі дос ретінде әңгімелесті", - деді Ч.Сяо.

Оған қоса, елші екі ел басшылары   Бішкектегі бір жарым ай бұрын өткен кездесуді есептемегенде осыған дейін ресми таныс емес екендігін жеткізді.

"Бішкек - халықаралық алаң. Алайда, кеңейтілген, көсілген келіссөздер өткізетін жер емес. Сондықтан да, Бішкекте өткен кездесу хаттамалық мағынаға ие болды. Ал Бейжіңдегі кездесу оларға нақты әрі мақсатты пікір алмасуға мүмкіндік берді.Екіжақты, өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылау жүзеге асты. Жалпы,барлық талқыланған мәселелер бойынша екі елдің көшбасшыларының ұстанымдары ұқсас. Екі көшбасшы да екіжақты қарым-қатынастардың тереңдеуі мен жылдам дамуын қолдайды. Әртүрлі салада ынтымақтастықты дамытуға мүдделі",- деді ол.

Чжан Сяо мырза екі көшбасшының да жоғары технология саласын дамытуды жылдамдату бойынша пікірлері ұқсас екенін айтты.

"Екі ел арасында мәдени тәжірибе алмасуды нығайтуды да назардан тыс қалдырмайтыны белгілі. Оның ішінде жастарға аса мән беру көзделген. Екі елдің көшбасшыларының пікірінше, екі елдің азаматтарына бір-бірінің еліне баруға қолайлы жағдай жасау керек. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Конфуций университеттерін ашуды қолдады. Себебі, қоғамның қытай тілі мен мәдениетін оқуға деген сұранысы зор. Біздің көшбасшылар халықаралық өңірлік проблемалаларды талқылады. Екеуі де өңірдегі терроризм, экстремизм және сепаратизммен күресу қажет деп ойлайды. Ол өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтауға апаратын бірден-бір жол", - деді елші.

Сонымен қатар, елші мырза Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты мәңгі стратегиялық әріптестікті дамыту бастамасын екі елдің басшысы қолдағанын айтты.

"Бұл бастама алғаш рет біздің екіжақты құжаттарда айтылды. Қазір бұл бастама халықаралық қауымдастықтың назарында екенін мойындау керек. Белсенді талқыланып та жатыр. Бұл,әрине, жаңашылдық. Екіжақты қарым-қатынас үшін ғана емес, бұл Қытайдың сыртқы қарым-қатынасындағы тұңғыш орын алып отырған қадам. Аталған қадам екі елдің ынтымақтастығын жаңа дәуірге алып келетіні хақ. Екі елдің қарым-қатынасына жаңа мәртебе береді. Меніңше, "мәңгі" сөзі уақытқа тәуелді емес, ол екі ел басшыларының саяси бостандығының көрінісі. Халықтырдың достастығын мәңгілік ету", - деді ол.

Сондай-ақ, елшінің айтуынша, бұл бастама өзге елдердің екі ел арасына іріткі салуына жол бермейді.

"ҚР Президенті Қытайдың бизнес қауымдастығының алдында сөз сөйлейді. Елдер арасында өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды. Екі елдің көшбасшылары өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. ҚР Президентінің бизнес қауымдастықтың алдында сөйлеуі бизнес өкілері үшін Қазақстан Үкіметі мен Президенті қытайлық инвестицияны қабылдауға әзір екенін көрсетті. Олардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай тудыру мәселесі қуантады. Қытайдың бизнес қауымдастығына болашаққа деген сенім тудырды", - деді Чжян Сяо.


Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды