• Басты
  • Қазақстан мен Танзания дипломатиялық қарым-қатынасты нығайтады
18 Қыркүйек, 2019 15:43

Қазақстан мен Танзания дипломатиялық қарым-қатынасты нығайтады

Қазақстан мен Танзания дипломатиялық қарым-қатынасты нығайта түседі. Екі елдің туризм саласындағы құзыретті өкілдері Қазақстан мен Танзания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты нығайта түсу бойынша келіссөздер жүргізді,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Қазақстан мен Танзания дипломатиялық қарым-қатынасты нығайтады

Занзибар  Ақпарат, туризм және мұра  министрі Махмуд Тхабит Комбо айтып өткендей, осыған дейін қазақстандық азаматтарға виза алу мәселесі өте күрделі болған.

Оған себеп: Қазақстанның қауіпті 24 елдің құрамына енуі. Сол үшін де дипломатиялық қарым-қатынас орнатылмаған екен. Биылғы жылдың ақпан айында Танзания мен Қазақстан арасында ресми дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға алғашқы қадам жасалды. Осыған орай, Занзибар министрі мен Мәскеудегі Танзания елшілігінің өкілі арнайы Қазақстанға сапарлап келді.

«Қазір қазақстандықтарға Танзанияға виза алу үшін Мәскеудегі елшілікке барудың қажеті жоқ Визаны электронды түрде 14 күн ішінде рәсімдей алады. Визаны әзірлеу үшін құжаттарды Kazunion туроператоры арқылы рәсімдеуге болады. Танзанияның Мәскеудегі елшілігі 6 елді қамтиды, оның ішінде Қазақстан да бар», - деді елші.
Министр Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі, Сыртқы істер министрліктерімен келіссөздер жүргізілгенін айтты.

«Қазақстан мен Танзания арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. Қазақстанда елшіліктің ашылуы сияқты мәселелер уақыттың еншісіндегі сұрақтар. Қазір біз дипломатиялық қарым-қатынасты шынайы іске айналдыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Біздің азаматтар екі елге өзара саяхат жасап, бизнес ашу мәселелерін дамытса деген ниетіміз бар», - деді Махмуд Тхабит Комбо.

Сонымен қатар, министр айтып өткендей, екі ел азаматтары елдер арасында жеңіл қатынау үшін қазір визаны жеңілдету үрдісі қарқынды жүруде.

«Біз қазір өз тарапымыздан визаны беруді жеңілдету бойынша бірқатар іс-шараларды жүзеге асырып жатырмыз. Бұл бағытты таңдаудың себебі көп, елдің алуындығы мен әсемдігінен тамаша әсер мен ләззат алуға болады», - деді ол.

Сондай-ақ, министр өзінің жеке Қазақстанға келуін түсіндірді.

«Министрдің ең алғашқы жұмысы туризмді ілгерілендіру. Министр көптеген өзге де жұмыстарды атқаруы мүмкін. Алайда, ең алғашқы басымдық туризмді ілгерілендіру. Мен Қазақстанға алғаш рет келіп отырмын. Халықтың қонақжайлығы мен тағамы көңілден шықты. Қазақстанда қыс маусымы болған кезде келгім келеді. Болашақта жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Сондай-ақ, министр Танзанияда туристің бір апталық шығыны қанша болатынын айтты.

«Салыстырмалы түрде алғанда ел арзан емес, қымбатқа шығатын елдердің бірі. Орташа есеппен бір адам тәулігіне 150 доллар кетіреді. Алайда, Занзибарда тұрмыстың алуан түрін таңдауға болады.Жатын орындарды қалтаңа қарай ыңғайластырып, қолайлысын табу әбден мүмкін. Отбасылық және романтикалық демалысты өткізуге тиімді», - деді ол.

Осыған дейін африкалық елге сафари мен табиғаттың алуындығын тамашалауға мыңдаған туристер барды.

Айта кетейік, Біріккен Танзания Республикасы Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Тілі-суахили. Валютасы- танзаниялық шиллинг.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды