• Басты
  • Қазақстан мен Ресей Омбыда өтетін форумға дайындықты талқылады
9 Қазан, 2019 14:54

Қазақстан мен Ресей Омбыда өтетін форумға дайындықты талқылады

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров екі күндік ресми сапармен Қазақстанға келіп, қазақстандық әріптесі Мұхтар Тілеубердімен кездесті. Кездесу барысында Омбыда өтетін 16-шы форумға дайындық барысы талқыға түсті.
Қазақстан мен Ресей Омбыда өтетін форумға дайындықты талқылады | Strategy2050.kz

«Біз екі жақтың Президенттері қабылдаған шешімдерді орындап, қадағалаймыз. Оның ішінде 9 қарашада Петропавлда өткен Өңіраралық ынтымақтастықтың 15-ші форумы аясында қол қойылған 2019-2021 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарының орындалуы. Сондай-ақ, біз қарашада Омбыда өтетін 16-шы форумға дайындықты талқыладық. Ал осы форумның қарсаңында Қазақстан мен Ресейлік жас көшбасшыларының алғашқы форумы өтеді, онда екі жақтан сыртқы істер министрліктерінің жас қызметкерлері қатысады», - деді Лавров.

Сонымен қатар, Ресей Сыртқы істер министрі әріптесін жаңа қызметімен құттықтады.

"Мен сізді ҚР Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалуыңызбен құттықтаймын. Сіздің тәжірибеңіз Қазақстанның сыртқы саясатын одан әрі дамытып, Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын арттыруға көмектеседі деген сенім білдіремін", - деді Лавров.

Бұдан бөлек,  кездесу барысында қос тарап екі елдің халықаралық ұйымдар мен өңірлік интеграциялық бірлестіктер бойынша өзара іс-қимылын, ұжымдық қауіпсіз шарты ұйымының Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтетін шараларын және басқа да екі жақты және көп жақты шараларды ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Назерке Сүйіндік 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды