• Басты
  • Қазақстан мен Моңғолия 2020 жылы Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелейді
31 Қазан, 2019 13:33

Қазақстан мен Моңғолия 2020 жылы Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелейді


Елордада Халықаралық Түркі академиясында Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына арналған арнайы іс-шара өтті. 
Қазақстан мен Моңғолия 2020 жылы Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелейді

Моңғолия Пермьер-министрінің орынбасары Энхтүвшин 1990 жылға дейін зерттеу жүргізілмегенін айтты.

«Бұрын саяси  себептерге байланысты зерттеулерге  тыйым салынған болатын.Қазір ашық жарқын, жан-жақты зерттеулер жалғасып келеді. Өткен жылы Қорғастың экономикалық аймағы бойынша Қазақстанға келіп кеткем. Осы жолы ШЫҰ жиналысына қатысуға келдім. Арнайы Түркі академиясының кітапханасына ат басын тіредім. Халықаралық Түрік академиясымен байланысымыз артып келеді. Осы ынтымақтастығымызды әрі қарай дамытсақ, көп жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын», - деді ол.

   Сондай-ақ, вице-премьер моңғол ғалымдары да Орталық Азия ғалымдарымен жұмысты арттырған сайын нәтижелер арта беретінін айтты.

«Жақында Моңғолияның  Премьер-Министрі ресми сапарымен келді. Ол да  27 жылдан кейін жүзеге асқан сапар. Саяси жақындастығымыз да артып келеді. Басқа да салаларды қамту ойымызда бар», - деді ол.

   Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев түріктер мен моңғолдардың тарихы бір екенін атап өтті.

«Зерттеулер жүргізіп, Алтын Орда мемлекетін бүкіл елге насихаттау мақсаты тұр. Мемлекетімізде құрылған Түркі академиясының орны  бөлек. Оның мамандары басқа елдердегі әріптестерімен бірге ауқымды жұмыс істеп жатыр», - деді Б.Сапарбаев.

Сонымен қатар, вице-премьер Шыңғысханға қазақ елінде қойылған ескерткіш жоқ екенін атап өтті.

«Ұлытауда Жошы ханға арналған кесене бар. Қазір Шыңғысханның ұрпақтарын дүниеге таныту үшін үлкен жоспар құрдық. Оның мақсаты Жошы хан, Алаша хан,Ұлытау төңірегіндегі ұлы тұлғалар бар оларды әлемге насихаттау. Туристерді тарту мақсаты да тұр, Қарағанды облысының әкімдігімен осы жұмысты атқарып жатырмыз. Негізгі жұмыс келер жылдың көктемінде басталады. Атқарылатын жұмыстарға сіздердің қатысуларыңызды шақырамыз. Біз бірігіп, тарихымызды дүние жүзіне таныта аламыз», - деді Б.Сапарбаев.

   Айта кетейік, алқалы жиынға Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Монғолия Премьер-министрінің орынбасары Өлзийсайханы Энхтүвшин, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, Моңғолияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Лувсангийн Баттулга, Моңғолияның Сыртқы істер вице-министрі Батмөнхийн Батцэцэг, бірқатар ғылыми мекемелердің басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Сондай-ақ, басқосу барысында Алтын Орда тарихына қатысты бірнеше кітаптың таныстырылымы өтті.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды