• Басты
  • Қазақстан мен Корея ынтымақтастықты тереңдетуде
22 Қараша, 2019 12:53

Қазақстан мен Корея ынтымақтастықты тереңдетуде


Елордада Қазақстан мен Корея ынтымақтастығын дамыту мәселелері қаралды. Екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мен әлеуетті арттыру сұрақтарын екі елдің өкілетті органдарының өкілдері талқылады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Қазақстан мен Корея ынтымақтастықты тереңдетуде
«KOICA (Халықаралық ынтымақтастық бойынша Корея агенттігі) түлектерінің кездесуі жыл сайынғы дәстүрлі шара. KOICA Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынастың негізі болып есептеледі. Бұл агенттік екі ел арасында ынтымақтастықты орнатуда өте үлкен рөл ойнайды. KOICA қызметі екі елдің білім саласында дамуына үлесін қосады. Биылғы жыл Қазақстан мен Корея қарым-қатынасының дамуында маңызды жыл болып табылады. Корея елшілігі жаңа ғимаратқа көшті. Оңтүстік Корея Президенті Мун Чжэин осы жылдың басында мемлекеттік сапармен Қазақстанға сапарлап қайтты. Қазір туризм саласындағы жаңа жоба басталады. Жобаның басты мақсаты – Қазақстанды туристерге тартымды ету», - деді Кореяның Қазақстандағы елшісі Ким Десик.

Сонымен қатар, елші қазақстандықтардың Кореяға деген қызығушылығы артып отырғанын айтты.

«Үлкен буын KOICA бағдарламасы арқылы Кореяға білім алу үшін, біліктілікті арттыру үшін барады. Қазіргі буын K-Pop жанрындағы музыка, тіл үйренуге назар аударып жүр. Қазір туризм саласын дамыту басымдылықта. Қазақстанның туристік әлеуеті жоғары. Кореяның танымал KBS (Korean Broadcasting System) телеарнасы Қазақстандағы туризм туралы, ел туралы шығарылым жасаған болатын», - деді елші.

Өз кезегінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мирас Төлебаев шара кореялық тәжірибені меңгеру үшін маңызды екенін атап өтті.

«Былтырғы жылдың статистикасын қарайтын болсақ, қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяға сапарлары ұлғаюда. Себебі, 2017 жылды алсақ, 25 мыңның үстінде болып тұр, 2018 жылы 35 мыңның үстінде болды. Сонымен қатар, Қазақстанның туризм саласындағы әлеуеті де жоғары. Қазақстанға өткен жылы туристік және медициналық сапарлармен келген кореялықтар саны 40 мыңға жуық адамды құрады», - деді М.Төлебаев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, кореялық туристер көп жағдайда Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына сапарлап келеді.

«Екі бас қалада да шетелдік туристер үшін барлық жағдай жасалған. Тек, Оңтүстік Корея ғана емес, шетелден келетін туристер де осы екі қаланы таңдап жатады.Біз Оңтүстік Кореямен тығыз байланыс орнатқанбыз. Мәселен, биыл Кореяда ұйымдастырған жәрмеңкеге Қазақстан да қатысты. Ол да туристік әлеуетті арттыруға өзіндік әсерін тигізеді деп ойлаймын. Қазақстандықтар да Кореяға 30 күн визасыз сапарлай алады, бұл да екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастықтың нәтижесінде жүзеге асырылып отыр деп ойлаймын», - деді ол.

Сондай-ақ, ол Қазақстан мен Корея арасында екіжақты келісімшарттар бар екенін атап өтті.

«Кореяның медициналық тәжірибесі де өте мол. Бағасы да қолжетімді.Көп қазақстандықтар сол үшін де таңдауы мүмкін Кореяға сапарлайды. Алайда, қазір Қазақстанның да медицинасы қарқынды дамып жатыр. Біз туризмге қызығушылықты арттыру үшін ұлттық ерекшеліктерге көңіл бөліп жатырмыз. 2025 жылға дейін туризмді дамыту бағдарламасында да туризмді жақсарту алғышарттары қарастырылған», - деді ол.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды