• Басты
  • Қазақстан мен ҚХР арасындағы екіжақты серіктестіктің мәні неде?
13 Қыркүйек, 2019 18:36

Қазақстан мен ҚХР арасындағы екіжақты серіктестіктің мәні неде?

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Президент ретіндегі алғашқы мемлекеттік сапарын Қытай Халық Республикасынан бастаған болатын. Мемлекет басшысысының Қытайға екікүндік сапармен бару мақсаты, бағыты, екіжақты серіктестік Қазақстанға несімен тиімді, жаңа жобалар туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман СКЛЯР, ҚР Президентінің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов, ҚР Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев және ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов баяндап берді.

Қазақстан мен ҚХР арасындағы екіжақты серіктестіктің мәні неде?

Мемлекет басшысының Қытайға екікүндік сапарын қорытындылаған брифингте Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли екі күндік мемлекеттік сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Коммунистік партиясы орталық комитетінің саяси бюросының, ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің, ҚХР Бүкілқытай халықтық ассамблеясының тұрақты комитетінің басшыларымен бірқатар ресми кездесулер өткізгенін жеткізді. Сондай-ақ ол кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың болашағы, бағыттары қаралғанын да айтты.

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан-Қытай Іскерлік Кеңесінің 6-отырысының ашылуына қатысуының қорытындыларына сәйкес, Қазақстан үшін де оң келісімдерге келді. Онда қазақстандық тараптың өкілдері қытайлық кәсіпкерлермен бірқатар коммерциялық келісімдерге қол қойған.

«Президент Қытайға алғашқы шетелдік сапарын жасады, осы елмен екіжақты ынтымақтастыққа үлкен мән берді. Келісімдер бірқатар салаларды, оның ішінде инфрақұрылым мәселелерін, экономикалық ынтымақтастық пен халықаралық қауіпсіздік мәселелеріндегі ортақ ұстанымдарды қарастырды», - деді Қазақстан Президентінің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов.

«Ел Президентінің қытайлық бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуінде экономикалық саладағы қазақстан-қытай ынтымақтастығының келешегі, сондай-ақ екі елдің іскер топтары үшін алдағы міндеттер талқыланды. Мәселен, Қытайдың іскер топтарын Қазақстанда туристік орталықтар құруға, қаржы секторында инновациялық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды. Жалпы алғанда бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық серіктестікті тереңдетудегі нақты қадам екені сөзсіз. Қорғас терминалдарды бірлесе жүзеге асыруда үлкен әлеуетке ие.Онда 2004 жылдан бастап трафик 15 есе өсті. Егер 2004 жылы олардың саны 21 мың контейнер болса, 2018 жылдың аяғында бұл көрсеткіш 310 мың контейнерге жетті», - деді Роман Скляр, ҚР индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі.

Сонымен қатар, ол 2 миллион тонна қазақстандық көмір Қытай арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне жеткізілетінін сөз етті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин арасындағы келіссөздердің қорытындысы бойынша маңызды 10 құжатқа қол қойылды. Онда ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы авиациялық іздестіру және азаматтық авиацияны құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын интеграциялау және «Жібек жолының экономикалық белдеуі» құрылысының ынтымақтастық жоспарын іске асыру туралы өзара түсіністік туралы меморандумға, қазақстандық тарапқа суперкомпьютер беру жобасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Бас кеден басқармасы арасындағы Қазақстан Республикасынан ҚХР-ға экспортталатын сүт өнімдеріне инспекция, карантин және ветеринариялық-санитариялық талаптар туралы хаттамаға, сонымен бірге Қазақстан Республикасынан ҚХР-ға экспортталатын жүн шикізатына инспекция, карантин және ветеринариялық-санитариялық талаптар туралы хаттамаға, еліміздің Қаржы министрлігі мен ҚХР Бас кеден дирекциясы арасындағы зияткерлік меншік құқықтарын шекарааралық қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы меморандумға, Қазақстан Республикасынан ҚХР-ға экспортталатын зығырға инспекциялық, карантиндік және ветеринариялық-санитариялық талаптар туралы хаттамаға, кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдары, техникалық ерекшеліктері туралыы алдын ала ақпарат алмасу туралы құжаттарға қол қойылды.

 

Ел басшысы Қ.Тоқаев әлемдік жетекші инновациялық өнімдерді жеткізуші Hikvision компаниясының кеңсесінде болған кезде робототехника, үлкен деректерді өңдеу, жасанды интеллект және басқа да заманауи технологиялар саласындағы Орталық Азиядағы коммерциялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысқан.

 

ҚР Сандық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Қазақстанға ҚХР-дан суперкомпьютерлер жеткізілетінін, ол техникалар әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне берілетінін айтты.

 

ҚР Президенті баспасөз хатшысы Берік Уәли Қазақстан Президентінің мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген келісімдер мен келісімдерге тоқталды. Тоқаев Қазақстан мен Қытайдың экономика, саясат, аймақтық қауіпсіздік, мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестігіне жаңа серпін берді.

 

Айта кетейік, жиын барысында ҚХР түрмесінде отырған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесі де сөз болды. ҚР Президентінің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов

Қасым-Жомарт Кемелұлының атына 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында Қытай құқық қорғау органдары ұстаған Ақжарқын Тұрлыбайдың анасынан өтініш түскенін, Мемлекет басшысы Бейжіңдегі кездесулерде қытай тарапына жеке өзінің өтінішін жеткізгенін, мәселе талқыланғанын айтты.

Нәтижесінде Сыртқы істер министрлігі арқылы осы іс жалғасатын болды.

 

 

Айдана Абдрахманова

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды