• Басты
  • Қазақстан мен Германия ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын анықтады
22 Қаңтар, 2020 17:31

Қазақстан мен Германия ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын анықтады

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаровтың басшылығымен Қазақстан делегациясы Берлинде өткен «Жасыл апта 2020» (International Green Week 2020) халықаралық азық-түлік көрмесінің ашылу барысында «Қазақстан-Герман аграрлық-саяси диалог» жобасы шеңберінде Германия Федералды азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігінің (BMEL) және GFA Group GmbH компаниясының өкілдерімен келіссөздер жүргізді.
Қазақстан мен Германия ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын анықтады

Тараптар екі жақты кооперациялық жобаны жүзеге асыруды талқылады. Германиялық серіктестерге негізгі үш бағыт ұсынылды: органикалық ауыл шаруашылығы, қаржы құралдары және аграрлық саясаттың стратегиялық мәселелері бойынша тәжірибе және білім алмасу жүзеге асырылатын болады.

А.Сапаров әріптестеріне көпжылдық тығыз ынтымақтастығы үшін алғысын білдіріп, қазақстандық тараптың ауыл шаруашылығы саласындағы, әсіресе импорт алмастыру мәселелерімен байланысты бағыттар бойынша мемлекетаралық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға дайындығы туралы мәлімдеді.

Өз кезегінде үкімет инспекторы, BMEL өкілі Надин Конле де қазақстандық әріптестеріне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. Сонымен қатар, ол Қазақстанда неміс мамандарының қатысуымен екі маңызды жоба табысты жүзеге асырылып жатқанын еске салды.

«Біз бірлескен ынтымақтастықты қолдаймыз және бір үлкен қазақ-неміс командасы ретінде жұмыс істейміз. Егер сізде балық өсіру, сандық жабдықтау мәселелері бойынша кеңес беру қажеттілігі туындаса, біз көмек көрсетуге дайынбыз», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, Надин Конле құрамына білікті мамандар кіретін жұмыс топтарын құруды ұсынды. Айдарбек Сапаров бұл бастаманы қолдап, жұмыс тобының мүшелерін қабылдап, олармен Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласының өзекті мәселелерін талқылауға дайын екендігін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы 5-6 желтоқсанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары болып өтті. Сапар барысында Мемлекет басшысы германиялық ірі компаниялардың, оның ішінде CLAAS және BAUMANN басшыларымен кездесті.

Осы кездесулер барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазақстан мен Германия ауыл шаруашылығы министрліктерінің «Қазақстан-Герман аграрлық-саяси диалог» екіжақты кооперациялық жобасы аясында ынтымақтастықты одан әрі дамыту және тереңдету туралы бірлескен мәлімдемесіне қол қойды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды