• Басты
  • Қазақстан мен ЕО арасында достық қатынас одан әрі дами түсетініне сенемін – Қ.Тоқаев
8 Қазан, 2019 15:53

Қазақстан мен ЕО арасында достық қатынас одан әрі дами түсетініне сенемін – Қ.Тоқаев


Қасым-Жомарт Тоқаев Урсула фон дер Ляйенге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан мен ЕО арасында достық қатынас одан әрі дами түсетініне сенемін – Қ.Тоқаев | Strategy2050.kz

Мемлекет басшысы Еуропалық Комиссияның сайланған Президенті Урсула фон дер Ляйенді туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады.

Жеделхатта Еуропалық Одақ Урсула фон дер Ляйеннің басшылығымен өзінің іргетасын нығайтып, халықтың әл-ауқатын арттырып, халықаралық аренадағы мерейін арттыру жолында биік белестерді бағындырып, игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектестігін білдірген.

«Қазіргі таңда өңірдің тұрақты ілгерілеуі мен өркендеуі үшін Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім және ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясы неғұрлым берік байланыстардың жаңа дәуіріне жол ашуда. Алдағы жылдары Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында достық негізінде қалыптасқан жемісті қатынастардың одан әрі дами түсетініне кәміл сенемін», – деп жазды Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еурокомиссияның сайланған Президентіне мол табыс пен сәттілік тіледі. 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды