• Басты
  • Қазақстан мен Бразилия арасындағы қылмыскерлерді экстрадициялау туралы шарт ратификацияланды
22 Қаңтар, 2020 11:51

Қазақстан мен Бразилия арасындағы қылмыскерлерді экстрадициялау туралы шарт ратификацияланды

Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен мәжіліс отырысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Қазақстан мен Бразилия арасындағы қылмыскерлерді экстрадициялау туралы шартты ратификациялауды ұсынды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Қазақстан мен Бразилия арасындағы қылмыскерлерді экстрадициялау туралы шарт ратификацияланды

Марат Ахметжановтың айтуы бойынша, Қазақстан мен Бразилия арасындағы дипломатиялық және сауда-саттық қатынастары жоғары деңгейде. 

"Бүгінгі таңда Бразилиямен қылмыстық салада үш негізгі шарт жасалды. Бұл екі ел арасындағы өзара сенімдікті білдіреді. Адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялауды ұсынып отырмыз. Шартқа 2012 жылы 20 маусымында Бразилияның Әділет министрі қол қойған еді. Қазір екі ел арасындағы байланыс жоғары деңгейде. Сауда айналымы 2019 жылы 13 пайызға өсті. 2016 жылдан бері екі ел арасында визасыз тәртіп қатынастары жасалған", - деді Бас прокуратураның өкілі.

Сонымен қатар оның айтуынша аталған шарт бойынша іздеуде жүрген адамдарды қылмысқа тарту және сот үкімін орындау үшін экстрадициялау мәселесі шешілмек.

"Бұл шарт бойынша іздеуде жүрген адамдарды қылмысқа тарту және сот үкімін орындау үшін экстрадициялау мәселесі шешімін табады.Егер адам Қазақстанда қылмыс жасап Бразилияда жасырынып жүрсе, ол қамауға алынады және Қазақстанға ұстап беріледі. Дәл осылай егер қылмыскер Қазақстанда жасырынып жүрсе, біз Бразилия тарапына оны эктрадициялауға міндетті боламыз. Құжатта ұстап беру және одан бас тарту негіздері бекітілген", - деді Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ Бас прокуратура өкілінің сөзіне сүйенсек, бүгінгі күні Бразилияда Қазақстанның құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген адам жоқ. 

"Бразилияда да Қазақстанның құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген адам жоқ. Сондай-ақ Бразилия органдары тарапынан Қазақстанда іздеу салынған күдіктілер тіркелмеген. Аталмыш шарттың басты мақсаты – алдын алу. Бұл құжат қылмыс жасап, Бразилияда жасырынып жүрген адамдарды қайтару үшін қажет құқықтық тетік болып отыр", - деді Марат Ахметжанов.

Бұдан басқа Бас прокурор орынбасарынң айтуы бойынша, қазіргі таңда Қазақстан 21 елмен осындай келісімдер жасаған. Сонымен қатар ол келешектк Аргентина, Перу, Доминикан Республикасы, Кипр, Малайзия және Грециямен осындай келісімдерге қол қою жоспарланғанын атап өтті.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды